Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады": медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағанға жаза қатаңдатылады

"Екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады": медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағанға жаза қатаңдатылады

Қылмыстық кодекс 380-3-баппен толықтырылады.
"Екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады": медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағанға жаза қатаңдатылады
www.istockphoto.com
Сенаторлар медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушілерін кәсіби міндетін атқару кезінде қорғауды күшейтуге бағытталған Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге енгізілген түзетулерді қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Заңның негізгі нормалары: Жеке қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.  Қылмыстық кодекс 380-3-баппен толықтырылады. 
— «Медицина қызметкеріне немесе жедел медициналық көлік жүргізушісіне қатысты күш қолданамын деп қорқыту не күш қолдану».
Күш қолданамын деп қорқытқаны үшін:
200-ден 500 АЕК-ке дейін айыппұл немесе түзеу жұмыстары, 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылады.
Ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру.
Күш қолданғаны үшін жауапкершілік: 
өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану – 500-ден 1 000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда – 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру.
Ауыр зардаптар:
Өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану үшін 5 жылдан 10 жылға дейін, ал ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.
25 желтоқсан 2025 ж. 233 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 172

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031