Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан аумағында 46 градус аптап ыстық болады

Қазақстан аумағында 46 градус аптап ыстық болады

Синоптиктер болжамы жарияланды
Фото:
istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аумағы бойынша 17-19 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, республиканың көп бөлігінде солтүстік-батыс циклонының өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: жаңбыр, найзағай, екпінді жел, 18-19 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.
Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы түнде 17-25 градус жылыдан 15-23 градус жылыға дейін, күндіз 25-35 радус жылыдан 20-31 градус жылыға дейін төмендейді деп күтіліп отыр.
«Орталықта түнде 18-25 градустан 15-22 градусқа дейін төмендейді, 17-18 маусымда күндіз 35-39 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық күтіледі, 19 маусымда 27-32 градус жылыға дейін төмендейді.
Шығыста түнде 12-23 градус жылыдан 17-25 градус жылыға дейін, күндіз 27-35 градус жылыдан 35-39 градус қатты ыстыққа дейін жоғарылайды, 19 маусымда жекелеген аудандарда 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-шығыста түнде 18-23 градус жылыдан 20-25 градус жылыға дейін аздаған жоғарылайды, күндіз 35-39 градус қатты ыстық, 18-19 маусымда жекелеген аудандарда 42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Күндіз оңтүстік аймақтарда 43-46 градус қатты ыстықтан 30-38 градусқа жылыға дейін төмендейді деп күтіліп отыр», - делінген синоптиктер болжамында.
16 маусым 2025 ж. 212 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031