Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Найзағай, бұршақ, аптап ыстық". Астана мен еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Найзағай, бұршақ, аптап ыстық". Астана мен еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Photo: pixabay.com
Елорда мен Қазақстанның 13 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер 3-5 маусым аралығында кей өңірде найзағай ойнап, бұршақ түссе, тағы бір өңірлерде аптап ыстық болатынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, өңірдің солтүстігінде соққан желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық болып, сынап бағаны 36 градусты көрсетеді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 3 маусымда күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 3 маусымда күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 18 м/с.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 3 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 3 маусымда күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі деп күтіледі. Күңдіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 3 маусымда күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

favicon
kaspi.kz
Перейти на сайт
Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өскеменде күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, күндіз облыстың таулы аудандарында оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 3 маусымда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрып, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 40 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда да 3 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 3 маусымда таңертең және күндіз найзағай ойнап, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталды. Қостанайда 3 маусымда найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада 3 маусымда найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі.

Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 3-5 маусымда облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте де 3-5 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда да 3-5 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
03 маусым 2025 ж. 91 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30