Жазғы демалыс жасөспірім үшін маңызды

Әрбір мектеп оқыған адам каникул туралы біледі. Ал осы атау қайдан пайда болды?
Деректерге жүгінсек, сөздің тарихы ХVII ғасырға тиесілі екенін байқаймыз. Ол кездегі сөзік қолданыста латынша «canicular» – «ит», «күшік» деген мағанаға ие болса, «canus»сөзінің кішірейткіші. Оған жалғанған көптік жалғау «күн» ұғымын берген. Алғашқыда «каникул» күннің Канис Мажор шоқжұлдызында болған кезеңді білдірген. Ең жарық шоқжұлдыз Сириусты аспандағы аңшыға балап, ит шоқжұлдызы деп атаған. Күннің жұлдызға ең жақын болу кезеңін поляктар бүгінге дейін «kanіkula» яғни «иттер күні» дейді. Әдетте ол 22 шілдеден-23 тамызға дейін созылған.
Бастапқыда тек римдік сенаторлар мерекелесе, ХІХ ғасырдың ортасында мектеп оқушылары мен студенттер үшін үзіліс деген мағынаға ие болды.
Латынтілінің сөздігінде «canіcalares»-қа «жылдың ыстық күндері деген анықтама берілген.
Бүгінде каникул оқу жылы бойында оқу орындарында өтетін сабақтар арасындағы үзілістер. Ол мектептерде тоқсан сайын, жоғары және орта оқу орындарында семестрлер арасында, сондай-ақ, оқу жылы аяқталған соң беріледі. Екінші мағынасы парламент жұмысы арасындағы үзілістер. Каникулды депутаттар тынығу, сайлаушылармен кездесу мақсатында пайдаланады.
Биыл еліміздегі оқу жылы күнтізбе бойынша 23мамырда аяқталады.
Қай ел қалай демалады?
Елімізде дәстүр бойынша оқу жылы соңы 25 мамыр күніне белгіленген. Күнтізбе бойынша 25 мамыр сенбі, жексенбіге келсе, балалар оған дейінгі күнде мектеппен қоштасады. Жазғы демалыс күндерінің ұзақтығы – 90 күннен асады. Маусым, шілде және тамыз айларының толық күндері мен мамыр айының соңғы 5, кейде 7 күні қосылады.
«El.kz» ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, әр елдегі «соңғы қоңырау» соғу сәті әртүрлі.
Мәселен Өзбекстанда жазғы демалыстар қорытынды бақылау тестілеу күнінен бастап 1 қыркүйекке дейін созылады. Егер демалыстың соңғы күні мереке күніне сәйкес келсе, онда сабақтар келесі жұмыс күнінен басталады. Көршілес елде бұрынғы Кеңестік жүйеде қалыптасқан, біздегі сынды қыста 1-сынып оқушылары үшін бір апта қосымша демалыс белгіленеді.
Қытайлық білім алушылар жылына екі рет демалады. Олар қаңтардың ортасынан ақпанның ортасына дейін және шілдеден – тамызға дейін. Бұл оқуды мүмкіндігінше тиімді ету үшін жасалған деп түсіндіреді олар. Демалыста оқушыларға тұрақты үй тапсырмасы беріледі.
«Ақылдылар елі» Жапонияда оқу жылы күзде емес, көктемде басталады. Бұл жағдай сәуірде сакура гүлдеуімен байланыстырылады. Ежелгі сенім-нанымдары бойынша бұл кезде білім алған бала зерделі, жауапты, арманына жететін болады деген түсініктері бар. Алайда жаңа ғасырдағы жапондықтар өзгелер сынды оқудың қыркүйек айында басталуына ықыласты. Әзірге бастама қолдау таппағандықтан, 6 сәуірде шәкірттер «мектеп есігін ашады». Қызығы, мұнда оқу жылында бар-жоғы 3 тоқсан ғана бар. Сәуірде басталған сабақ шілденің жиырмасында аяқталып, жазғы демалыста болады. Біз сыныпқа келетін 1 қыркүйекте жапондық шәкірттер екінші тоқсанға еніп, оны 26 желтоқсанда аяқтап, қысқы демалысқа шығады. Қысқы демалыстан кейін басталатын үшінші тоқсанға балалар 7 қаңтарда келіп, 25 наурызға дейін оқиды. Мұнан соң көктемгі демалыс басталып, аяқталысымен келесі сыныпқа көшеді. Алайда мұндағы әр мектептің оқу мен демалысты бастауға арналған өз кестесі болады. Таңқаларлығы, каникул кезінде де балалар сабақ оқуды үзбейді. Керісінше, түрлі курстарға барып, үй тапсырмаларын орындауды жалғастырып, өздерін дамыта береді. Аптасына 6 күн оқитын оқушылар әрбір екінші сенбі демалады.
Көктемде жаңа оқу жылы басталатын келесі ел – Оңтүстік Корея. Бұл Шығыс елінің мектептерінде оқу жылы наурыз айының басында басталады. Көктемгі демалыс, шамамен, бір аптаға созылады. Жазғы уақытта мектеп оқушылары 21 шілдеден –15 тамызға, қыста 9 қаңтардан – 6 наурызға дейін демалады.
Мұнда мектептерде линейка, алғашқы, соңғы қоңыраулар өткізілмейді. Ұстаздарға сыйлық беруге болмайды.
Шіліңгір шілдеде сабақ оқитын шәкірттер де бар. Олар БіріккенКорольдікте тұрады. Бұл жақтағы оқу жылы шілде айының ортасында тәмамдалып, жазғы демалыстамыз айының соңына дейін созылады. Ұлыбританиядағы кей оқу орындарындағы жазғы демалыс 8 аптаға созылса, кейбірінде 10 апта болады. Британдық балғындардың 6-10 апта аралығында демалысы болады.
Португалдық оқушылар жазда 13 апта демалады.
Мұнда демалыс күндері белгіленбегендіктен, Білім министрлігі оқу жылы басталғанда тиісті шешімді мәлімдейді. Жазғы демалыс 3 маусым – 14 қыркүйек аралығында белгіленеді. Каникул кейде балалардың жас ерекшелігіне байланысты өзгереді.
Жас ерекшелік ескерілетін елдің бірі – Дания. Егер бала жоғары сыныпта оқыса, сабағы ертерек басталады. Бастауышсыныпоқушылары, білімін асықпай бастайды. Каникулдың жалпы ұзақтығы 6 аптаға дейін созылады.
Испаниялық білім ошақтары оқу жылын шамамен 12 қыркүйекте бастап, 22 маусымда аяқтайды. Бұл елде мектептер ата-аналардың демалысын реттеп, оны балаларымен бірге өткізу үшін оқу жылының басталуы туралы ақпаратты сайтта жариялайды. Жоғары сынып оқушылары жазда қосымша екі апталық демалысқа босатылады. Бүкіл сынып сырттай экскурсияға немесе саяхатқа жиналады. Мереке күндері балалар үшін лагерьлер ұйымдастырылады. Ал АҚШ-тағы балалардың екі-үш айжазғы каникулы ауданға және балалар оқитын мекеменің түріне байланысты белгіленеді.
Үш айлық жазғы канкулды тым ұзақ санайтын білім алушылар Германия тұрғындары.
Неміс балғындар демалысында тұрғылықты жері ескеріледі. Германияның әр 16 федералды штатының оқу жылы мен демалыс кезеңіне қатысты өз ережелері қалыптасқан.
Шілдені асыға күтетіндер бавариялық балалар. Олар тек жылдың осы айында ғанадемалады.
Пәкістанда оқушының жеке меншік немесе мемлекеттік мектепте оқитынына орай каникул мамырдың аяғында басталып, тамыз айының ортасына дейін созылады.
Мексика елінде мұғалімдер маусымның басында балалармен «уақытша қоштасады». Маусымнан-тамыз айының ортасына дейін демалыс. Жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері мамырдан тамызға дейін тынығады.
Аудандағы ахуал
Жыл сайын аудандық білім бөлімі оқушылардың жазғы сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру туралы арнайы жұмыс кестесін түзеді. Биылғы беталыс туралы бөлім басшысынан сұрадық.
«2025 жылы аудан бойынша 1-10 сыныптар аралығындағы 15923 оқушыны демалыс шараларымен қамту үшін, облыс әкімінің орынбасарымен бекітілген «2024-2026 жылдардағы жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтырылуын, демалысын, бос уақытын өткізуге бағытталған іс-шаралар жоспары» басшылыққа алынды. Бұл аудан оқушыларының 97 процентін құрап отыр», – дейді Әділхан Жөлекешов.
Бөлім мәліметіне сенсек, жазғы демалысы ұйымдастыру ісі жалпыға міндетті оқу қоры, демеушілер, кәсіподақ комитеттері және ата-аналар есебінен жүргізілмек.
Қазалы қаласындағы «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығыбір ауысымда 125 баланы қамтуға қауқарлы. 1 маусымда биылғы алғашқы тынығушыларын қабылдайтын орында жаз бойы 7 ауысымда 875 баланы міндетті оқу қорынан демалмақ. Қабілеттеріне қарай ән, би, қылқалам, баскетбол, волейбол, футбол, шахмат- шашка, дизайнерлік өнер, көркем сөз, суда жүзу, шебер қолдар, роботехника, өлкетану үйірмелеріне қатыса алады.
26 мамыр – 18 маусым аралығында ауданның 40 мектебіндегі 7280 оқушы мектеп жанындағы тынығу лагерьлерімен қамтылмақ.
«Шатырлы», «Киіз үй» «Туристік», «Еңбекке баулу», «Шығармашылық», «Зияткерлік» бағыттары бойынша жұмыс барысында «Jas Qazag», «Ауыл laif», «Kieli Qazagstan», «Жазғы кинотайм», «Дәстүрлі қоржын»,«Ауылым – алтын қазығым», «Қазыналы Қазалы», «Сыр-CAMP»,«Tarbie», «Fitness Camp» жобалары жүзеге асырылады.
Шымкент қаласындағы «Таңнұры» және Алматы қаласындағы «Арман дала», «Праус», «Тау-Жаңашар» лагерлеріне ата-аналар мен демеушілер есебінен аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 80 оқушы, білім саласы кәсіподақ ұйымы арқылы педгогтардың 70 баласы «Шағала» лагерінедемалдыру жоспарланып, «Қазақстан қоры» арқылы 100 оқушыны сыртқы лагерлерге жіберу көзделген.
1973 баланы танымдық экскурсияларға апару ұйымдастырылған. Қатарыда аудандық, облыстық музей, «Қорқыт ата» кешені, Түркістан қаласы, жабық бассейндермен тағы басқа жерлерге апару межеленген.
Сондай-ақ көркейту-көгалдандыру жұмыстарына 1800 оқушы, тұрғын үй ауласындағы ойын алаңдарына – 3262 бала, Жасыл ел жобасы аясында 35 оқушы жұмыспен қамтылмақ.
Алаңсыз күн деп аңдамауға болмайды
Мектептенбосап, алаңсызкүндерібасталды деп босаңсыуға болмайтынын айтады Мөлдір Нұрадинқызы.
«Жаз келді деп балаларды қараусыз жіберуге болмайды. Күн көзі тым көп түсетін өңірі үшін баланың күнге қызыдырынуы қай кезде тиімді, қай кезде қажетсізін әр ата-ана білуі тиіс», – дейді дәрігер.
Тәжірибелі маман қызметіне жүгінетіндердің дені күнгеартыққыздырыну, түрлі табиғатта кездескен қауіп-қатерден туындайды екен.
«Көбіміз назар аудара бермейтін күн адамға Д3 дәруменін бертетін болса, күн көзінде шамадан тыс жүру немесе тұрып қалу дененіңсусызданып, ыстықөтуіне алып келеді. Аптап әсіресе егде жастағы адамдар мен балалар үшін қауіпті. Ол жағдайды нашарлатып, тіпті жүрексоғысының тоқтап қалуына жеткізуі мүмкін», – дейді ол.
Бұдан бөлек суға кету, маусымдық асқынулар, жәндіктердің шағуы, жуылмаған жеміс-жидек, көкөністердің «кесірінен» улану жағдайлары да қауіпті.
«Балаларды жазғы сауықтыру лагеріне жібергенде, жеке гигиеналық ережелерін меңгертуіңіз керек. Мәселен, тамақ ішерде, дәретханадан шыққанда қолды жуу, көкөніс пен жемісті жемес бұрын жуу, айналадағы өсетін өсімдіктерді пайдалануға тыйым салу, бассейнде шомылғаннан соң, сабынмен душ қабылдау, өзгелердің жеке гигиеналық заттарын пайдаланбау, табиғат аясында дененің барлық ашық бөліктерін жабу, метаболизм бұзылысы, улану, әлсіздік белгілер байқалса, дереу көмек шақыру сынды қарапайым ережелерді білу арқылы қауіптің алдын алуға болады». – дейді кеңесімен бөлісіп.
Психолог пайымы
Жазғы айларды – мүмкіндіктер кезеңіне балайды психолог Әсем Баймұратова.
«Жазғы демалыстың оқушылар үшін жалпы физиологиялық, идеялықдамуы, кемелденукезеңі екені бұған дейін де айтылып жүр. Күннен, топырақтантікелей нәр алатын балалар басқа кезге қарағанда көбірек жетіліп, дамиды. Танымаясыкеңіп, көзқарасықалыптасып, үйренуге ықыласы артады.
Сондықтан, ата-ана, ұстаз-тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың тиімділілігі зор.
Ұл не қызыңызды бос уақытында дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым-қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсауға жұмылдырыңыз. Қызықты демалыс, көңілді ойындар мен жаңа таныстықтар уақытында таңғы гимнастика, қозғалмалы, сумен, құммен ойнайтын ойындар ұйымдастыру, көркем өнерге баулу, тыңдау, қадағалау арқылы мүмкіндік беру, демалыс орындарында тынықтыру, кітап оқуға баулу дамуына әсерін тигізіп, эстетикалық, көркемдік талғамын арттырады», – дейді.
Жаздағы мамандық таңдау лагері
«Баланы мәжбүрлеп мамандық таңдату үрдісі қазақ қоғамында әлі де бар. Салдарынан «әйтеуір бір оқуға түсейін» деген жастың тамырына балта шабылып, өзін өмірден таба алмай жатады. Сондықтан балаға еркіндік берілуі керек. Бір көршім он жасар қызын спорт, қолөнер, музыка, медициналық ине егу, тырнақ, кірпік жабыстыру, массаж, кондитерлік курстарға тынымсыз оқыта береді. Себебін сұрағанымда: «Балам өз қалауын табуы керек. «Үйрен де, жирен» деген бар», – дегені бар. Мен ондай тәуекелге бара алмаймын. Алайда жақында жазғы мамандық таңдау лагері барын естіп, білдім. Орталықта балалар 11 күнде 3 мамандықтың теориялық, практикалық әліппесін меңгереді екен. Ұлымды сол жерге апаруды жоспарлап отырмыз. Үмітіміз үлкен. Тіл үйреніп, шетелдік тәжірибелермен танысып, мүмкін біз таба алмай жүрген шырағы сол орында жанар», – дейді Жанар Жанахметқызы.
Жай ғана демалғым келеді
«Көп жағдайда балалардың жауабын үлкендер айтайды. Қарсы емеспін. Әр ата-ана перзенті үшін барлық мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ қамқорлық жасаймыз деп біздің де өсіп келе жатқанымызды есінен шығарып алмаса екен деп ойлаймын.
Менің сыныптастарымның бірі шетелге барады, бірі үйінде бала күтуші болады, бірі білімін жетілдіреді, бірі ауылға кетеді. Бәрі үшін ата-аналары шешім қабылдаған. Пікірлерін сұрасаң, көбі қаламайды. Ал менің қалауымды сұрасаңыз, жай ғана демалғым келеді», – дейді Әлихан Сәкен
Дайындаған Алтын ҚОСБАРМАҚОВА