Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаз жайнатып, күн күлдірген- жазғы демалыс

Жаз жайнатып, күн күлдірген- жазғы демалыс

Міне,әні-міне дегенше,балалардың жазғы демалысының екін¬ші айы басталды. Ата-ана үшін «Ба¬ламның жазғы демалысын қалай мәнді, мағыналы өткіземін?» деген мәселе әлі өзекті.
Күнделікті сабақтар артта қалып, осы уақытты балғындар барынша қызықты әрі көңілді өткізуді армандайды. Сондықтан жазғы демалыс – балалардың есінде ерекше сақталатын, олардың бойында жаңа дағдылар қалыптастыратын кезең. Сәйкесінше баланың демалысы – жақсы болуы керек.
Еліміздегі оқушылар үйлері балаларға қосымша білім берумен қатар жазғы демалысты да ұйымдастырады. Жазғы демалыста саяхат, танымдық ойын түріндегі әртүрлі бағдарламалар іске асырылады. Сонымен қатар түрлі аула клубтары, оқу орталықтары, өнер орталықтары да жазғы маусымда жүйелі түрде жұмыстар жүргізеді.
Баланың демалысын ұйымдастырғанда тәрбие мәселесі назардан тыс қалмауы керек. Бала тәрбиесі - жаңа отырғызған шыбық тәріздес, әрқашанда басты назарда болуы керек.Осы сөзіміздің дәлелі ретінде аудандық оқушылар үйінде балалардың жазғы демалысын пайдалы ұйымдастыру мақсатында түрлі тәрбиелік шаралардың ұйымдастырылып, қызғылықты өткізіліп отырылуы.
Осы орайда шілде айының басталысымен қазақ халқының ұлттық аспабы домбыра күніне арналған «Ұлттық домбыра күні» мерекесінің Қазалы ауданының оқушылар үйінде де шаралар өткізілді. Жас өрендердің қазақи ұлттық музыкаға, ұлттық аспапқа деген махаббатын, олардың домбыра шертісінен-ақ байқалды. Оқушылардың қазақ халқының күйлерін төгілте орындағанын көріп, көз қуантып, жүрек толқытты. Бұл -жаздың бір күнінде болған, бір ғана шара...
Ерлан ӨТЕПБЕРГЕНОВ,
Қазалы аудандық оқушылар үйінің директоры
05 шілде 2023 ж. 561 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031