Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жабықтырған жазғы демалыс

Жабықтырған жазғы демалыс

Биыл 2022-2023 оқу жылы әдеттегідей 25-ші мамыр емес 1-ші маусым күні аяқталады деп бекітілді. Мұны естіген ойын баласының бір күрсінгені рас. Былай қарағанда, санаулы күндер. Бірақ бір аптаға жуық созылған оқу уақытын жаз жадыратып, күн күлдіріп бастайтын жасөскіндерге нендей пайдасын тигізеді? Бұл санаулы күндер қандай мәселені шешейін деп жатыр? Талқылап көрелік.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі құрған жұмыс тобына оқу жылын ұзартуға бірнеше ұсыныстар келіп түскен. Ұсыныстар легіне көз жүгіртсек, маусым айының соңына дейін ұзарту және оқу жылын 20 тамыздан бастау мәселесін қарау туралы өтінішпен министрлікке жүгінген.
Себебі Қазақстан әлемдегі жазғы демалысы ең ұзақ, 130 күнді құрайтын елдер қатарына кіреді. Ал басқа елдерде каникул мерзімі – 80 күннен 100 күнге дейін екен.
Оның үстіне 5 күндік оқу аптасына көшкен кезде оқу күндерінің саны бірден 34 күнге азайды. Осылайша, орта есеппен алғанда, Қазақстандағы оқу күндерінің жалпы саны шамамен 150 күн болса, дамыған елдерде бұл шамамен 200 күн.
Салыстырмалы түрде қарасақ, Германия, Англия және Жапонияда жазғы демалыс – 7 апта, Польша, Қытай және Оңтүстік Кореяда – 7-9 апта, Финляндия, Венгрия, Швецияда – 9-11 апта, Латвия, Италия және Португалияда – 11 апта, ал Қазақстанда ең ұзақ – 14 аптаға созылады.
Сарапшылар қосымша оқу апталарының қосылуы күнделікті сабақтың санын, яғни мұғалімнің де, оқушының да күнделікті оқу жүктемесін азайтатынын айтады.
– Мен негізі бұл өзгерісті ата-ана ретінде толыққанды қолдамаймын. Иә, бір ай емес бір аптаның арысы не, берісі не деп атүсті қараймыз. Дегенмен баланың үш тоқсан бойы алған білімін бір апта оқуға қатынауы толықтырады деп ойламаймын, – дейді Салтанат Қанаева.
PS: Жоғарыдағы салыстырмаға мән берсеңіз, әлемдегі ең ұзақ жазғы демалыс бізде ғана. Не болса да «Болар іс болды, бояуы сіңді» демекші, қатқан мұзды қайта жібіту мақсатымыз емес. Бірақ қадамы қарышты, озық мемлекеттермен текетіресіп, білім дәрежеміздің аспандауы үшін бес күн тіпті аз секілді. Сол үшін оқу жылын әлі де созған абзалырақ болар ма еді?!

Серік АҚМЫРЗА
27 мамыр 2023 ж. 318 0

Отыз жылдық белес

30 қараша 2024 ж. 2

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930