Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаяқтардың атынан рәсімделген несиелер сотсыз есептен шығарылады

Алаяқтардың атынан рәсімделген несиелер сотсыз есептен шығарылады

Фото: pixabay.com
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен азаматтардың несиесін есептен шығару тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, егер азамат несие рәсіміне қатыспаған болса және биометриялық сәйкестендіруден өтпегені анықталса, онда берешек сотқа жүгінбей-ақ есептен шығарылады. Ол үшін азамат құқық қорғау органдарына арыз беріп, несие алаяқтық жолмен рәсімделгені туралы қаулы алуы қажет. Сол құжат негізінде банк қарызды есептен шығарады.
Агенттік дерегінше, соңғы екі жылда банктер осындай 1 400 азаматтың 1,9 млрд теңгеден астам қарызын сотсыз өндіріп тастаған.
Алайда кей жағдайларда биометрия қолданылғанымен, деректердің бұрмалануы байқалады. Мұндай жағдайда алаяқтықты тек сот тәртібімен ғана дәлелдеуге болады. Осыған байланысты сот арқылы қарызды есептен шығару негіздері кеңейтілді.
Әбілқасымова атап өткендей, клиенттің қатысуынсыз рәсімделген несие міндетті түрде сотсыз жойылуы тиіс. Мұндай жағдайлар бойынша әрекет ету алгоритмі Ішкі істер министрлігімен бірлесе әзірленіп, бекітілген.
05 қараша 2025 ж. 284 0

Үш облыста жол ашылды

17 сәуір 2026 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930