Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫНА ОРАЙ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫНА ОРАЙ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен оқу жылының аяқталуы, каникул кезінде оқушылардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері талқыланған Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты бірқатар тапсырма жүктелді.
Басқосуға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режимде қатысты.
Өңірімізде оқу жылының аяқталуы, жазғы каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын ұйымдастырудың арнайы кешенді жоспары бекітілген.
Оған сәйкес тиісті ұйымдастыру-дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Биылғы оқу жылын 339 мектепте (300 мемлекеттік, 39 жекеменшік) 184 924 оқушы аяқтайды, 172 116 оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарлануда.
Аймақта қала сыртында орналасқан 8 лагерьде, орталықтарда 7 ауысымда 7 мыңнан астам бала демалыспен қамтылады. Бүгінде лагерьлерде ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталып, материалдық-техникалық жабдықтары жаңартылды.
Бұдан бөлек, «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен 766 оқушы Түркістан, Ақмола облыстарында, 4 583 оқушы демеушілер мен кәсіподақтар есебінен Алматы, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласындағы сауықтыру лагерьлерінде тынығады.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
22 мамыр 2025 ж. 185 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930