Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ешқашан өшпейтін шежіре

Ешқашан өшпейтін шежіре

Ата – мен үшін жай ғана ата емес, тұтас бір шежіре.
Атамыздың айтқан әңгімелері, өмірден көргені өте көп еді. Қуантқан Мейрамбекұлы Сәрсенбаев 1950 жылы 10 тамызда дүниеге келген. Ол тағдырдың талай сынағынан өтті десем, қателеспеймін. Жастайынан анасынан айырылды. Бірақ қайғыға мойымай, өмірге деген құлшынысын жоғалтпады.
Атам мамандығы бойынша дәрігер болатын. Алайда өзі де ауыр дерттермен күресуге мәжбүр болды. Ол дәрігерлік қызметін үлкен жауапкершілікпен атқаратын, науқастарға дұрыс диагноз қойып, адал еңбек етті. Дәрігер болу оған Алладан берілген қасиет секілді еді.
Атам мен әжем отау құрып, төрт бала тәрбиеледі. Мен олардың үшінші баласының қызымын және ең тұңғыш немересімін. Атамның еркесі болдым – сабаққа да, дүкенге де, тіпті мектепке де тек атаммен баратынмын. Мені бірінші сыныпқа да жетектеп апарған сол кісі еді. Атамның жанында өзімді үнемі бақытты, ерке және қауіпсіз сезінетінмін.
Атам мені ерекше түсінетін. Сабақ оқытатын, сүйікті тағамының дәмді жерін маған сақтап қоятын. Зейнетақысын алғанда базарға бірге баратынбыз. Оның құлағы нашар еститін, сондықтан мені өзінің «құлағы мен көзі» деп атайтын. Атамның керемет өсиеттері, адалдығы – дүниеге қызықпай, тек бүгін ішер асың болса, жан-жағың аман болса, сол – нағыз бақыт деп жиі айтып отыратын. Дастарқан жайнап, атамның сүйікті тағамдары әзірленсе, көңілденіп «Кедейдің бір тойғаны – шала байығаны» деп әзілдеп отырушы еді.
Атам 70 жыл өмір сүрді. Оның әрбір сөзі, әрбір ісі мен үшін үлгі.
Көп ұзамай атам қатты ауырды. Ковид кезі болатын, аурухананың тар дәлізінде жатты. Ол өзінің сауығатынына сенбегендей: «Мені алып кетіңдер, мен бәрібір жазылмаймын» деді.
Мен үйде бауырларыма қарап қалдым. Ал түнде көкем, анам, тәтем келіп, ыдыс-аяқ пен көрпелерді тасып жүрді. Көкем мені қатты құшақтап: « Атаң қатты ауырып жатыр…» дегенде, жүрегім тілім-тілім болды.
Сол түні атам мәңгілік сапарға аттанды. Ол кәлима айтып, барлығына ризашылығын білдіріп кетіпті…
Атам мен үшін ешқашан өшпейтін шежіре. Оның әрбір сөзі – өмірлік сабақ, әрбір ісі біз үшін  – үлгі.

Айгерім ҚУАНТҚАН 
21 мамыр 2025 ж. 1 208 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930