Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерлікке тағзым – ұрпаққа аманат

Ерлікке тағзым – ұрпаққа аманат

9 мамыр – бейбіт таңды сыйлаған қаһарман ардагерлерге тағзым ететін қасиетті күн. Осы орайда мен, Ильясов Әлменбет атамның немересі ретінде, оның ерлікке толы өмір жолын ерекше мақтанышпен еске алғым келеді.
Атам – Ильясов Әлменбет 1925 жылы Қазалы ауданына қарасты Жетінші ауылда дүниеге келген. Білімге құштар жас бала Сұлутам ауылындағы бастауыш мектептен бастап, Қазалы педучилищесінде, кейін Қызылордадағы облыстық педкурс курсанттарында оқыды. Ұстаздық жолын небәрі 17 жасында бастап, “Екпінді” колхозының мектебінде еңбек етті.
1943 жылы Отан қорғауға аттанып, 1-Беларусь майданы құрамындағы 47-армияның сапында жауға қарсы шайқасты. Кіші лейтенанттар курсын тәмамдап, атқыштар взводының командирі болды. 1944 жылы ауыр жарақат алып, Саратовтағы госпитальда емделді.
Соғыстан кейін де ол еліне қызмет етуден жалықпады. Ұстаздық еңбек жолын жалғастырып, түрлі мектептерде мұғалім, директор, әдіскер қызметтерін атқарды. Атамның педагог ретіндегі қажырлы еңбегі ескеріліп, оған “Қазақ ССР еңбек сіңірген мектеп мұғалімі” атағы, “Халық ағарту ісінің озық қызметкері” белгісі және түрлі мемлекеттік марапаттар берілді.
Ол өмір бойы ұстаздық пен адалдықты ту етті, қоғамға пайдасы тиетін әр ісін намыспен, жүрекпен атқарды. Қалалық кеңестің депутаты болып сайланып, ел сенімін де ақтай білді. Осындай дара жолмен жүрген атам 1971 жылы 31 наурызда дүниеден өтті.
Ардагер атам мен Батыр ана атанған әжем Ильясова Набираш екеуі он баланы тәрбиелеп өсірді. Ұрпағының бойына елге, білімге, еңбекке деген құрметті сіңіре білді.
Әлменбет атам – менің жүрегімде батырлықтың, ұстаздықтың, адалдықтың символы. Осындай асыл адамның ұрпағы болғаныма шексіз мақтанамын. Біз сіздердің ерліктеріңізді ешқашан ұмытпаймыз, Ата!
Батыр атамның өмір жолы – жүрегіміздің төрінде мәңгі сақталады.
Аяжан ИЛЬЯСОВА,
Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің
арнайы пән оқытушысы
10 мамыр 2025 ж. 194 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930