Атам – менің мақтанышым
Ұлы Отан соғысы әр отбасы үшін де орны толмас қайғы-қасірет әкелді. Майдан даласынан бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама көкөрім боздақтардың қыршын жасы қиылды. Отан қорғауға аттанғандардың қатарында менің атам Емберген Жұбанов та бар болатын. Ол майданға аттанғанда 18 жаста екен. Ұлы Отан соғысының ардагері бірнеше наградалар мен орден, медальдардың иегері Майдангер соғыстан келгесін балық шаруашылығында қабылдаушы болып еңбек еткен. 1949 жылы жолдасы Күлпан Қызаевамен шаңырақ көтеріп, өмірге жеті 7 ұл-қыз әкелді. Оларды тәрбиелеп, құтты орнына қондырды. Күлпан әжемнің мамандығы педагог. Алайда үйде болып, бала тәрбиесімен айналысуды жөн санапты. Еңбекқор жан Емберген Алдамжарұлы ет комбинатында қызмет еткен, кейін Аралрыбпромнан бондар цехында басшылық етіп, зейнетке шыққан. Қандай қызметті де абыроймен атқарып, еліне сыйы артқан азаматтың әдебиетке қызығушылығы ерекше болыпты.
– Атам 1942 жылы тамыз айында Чкапов облысы, Бузулюк қаласында болған. 6-7 қарашаға қараған түні 1032 Полидон өзенінің оң жағына орналасқан. 1942 жылы 11 қарашасында 62-64 армиясында, 19 қарашада Калмицскийде 2 танкіге қарсы 3 дивизияда, 23 қарашада 4 цехты 179 батальенды 3-дивизия қоршап алған. Гв генерал В.Жолуенов және 600 сарбаз «112»-мергенімен, дивизия -39.62 әскердің командирі В.И.Чейховтан 2 рет батыр атағын алған.
1942 жылы 17 шілдеден 1943 жылдың 2 ақпанына дейін Сталинград шайқасында 200 күн шайқасқан. Сталинградтан Украинаға келген. В.И.Чуйковтың «8» гвардия әскерінде Есілдің оң жақ бөлігінен Варшаваның солтүстігіне қарай жылжыған. 1943 жылдың 31 шілдесінде Рокоссовскийдың бұйрығымен 1 тамызда бірінші Эшалон отряд әскеріне өзеннің сол жақ бетіне жауды қарсы күтуге орын ауыстырылады. Мангуслиева районында 13 тамызда ОИПТД 39 ГСД да 12 танкіге қарсы қару жарақтан 2-еуі ғана қалған. Радом қаласы О.Вадув ауданында тарихи шерумен 1945 жылы 29 маусымда 91-ші дивизия командирі полковник Басинмен арнайы шеру костюмымен жеңісті тойлайды.
Атам мен дүниеге келген соң 1 жарым жылдан кейін дүниеден өткен. Мен атамның бірінші немересімін. Менің есімімді атам Фариза Оңғарсыновадай болсын деп, Фариза апайдың құрметіне қойыпты. Ақынның кітаптарын көп оқитын болған. Менің атам өте керемет жан болған деседі көзкөргендер. Шіркін тірі болғанда 100 жас тойын тойлар едік деген өкініш бар....
– Соғыс туралы естеліктерімен бөліскенде даусы дірілдеп, көзіне жас алатын. Ол жұмыстан кеш келетін. Оны көру үшін ұйықтамай, кітап оқып отырушы едім. Анам тамағын беріп болған соң, екеуміз кітап оқитынбыз. Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, Ш.Айтматов т.б кітаптарына пікір айтатынбыз. Кейін зейнетке шыққанда теледидар қарайтынбыз. «Тихий Дон», «Азоры здесь тихие» фильмдерді көргенде фронттары есіне түсіп, әңгімелейтін. Балет көретінбіз. Майя Плисецкаяның өмірбаянын айтып берген. «Жұлдыз», «Жалын» журналдарын жаздырып оқитын. Мен мектепте үздік оқушы болып, әкемнің наградаларымен түскен суретін ілдіріп қоятынмын. Екеуміз бір-бірімізді мақтан тұтатынбыз, – деп әкесін Мадина әпкем сағынышпен еске алатын. Атам туралы көптеген жылы естеліктерді үлкендерден үнемі естіп өстім.
Оқ пен оттың ортасында жүріп, Отанын қорғаған жауынгерлер саны аз емес. Қилы заманның қиын-қыстау кезеңімен тұспа-тұс келген олардың ерлікке толы өмірі кейінгі толқынға ертегідей естілгенімен ол шындық еді. Осындай батыр аталардың арқасында қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заманда өмір сүріп жатқан ұрпағы ата-бабалардың ұлағатты жолын ұмытпақ емес.
Фариза ЖҰБАНОВА