Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тілегіміз – бейбіт күн

Тілегіміз – бейбіт күн

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Лақалы ауылында майдан әндерін орындаушылардың облыстық байқауы өтті.
Ел үшін жанын қиған боздақтарды еске алып, батыр бабалар ерлігін өскелең ұрпаққа үлгі ету, патриоттық әндер арқылы ұлт рухын асқақтату, сонымен қатар жас өнерпаздардың шығармашылық шеберлігін шыңдауды мақсат тұтқан «Тілегіміз – бейбіт күн» тақырыбындағы байқауға Қызылорда қаласы мен Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Жаңақорған аудандарынан үміткерлер бақ сынады. Екі кезеңнен тұрған өнер жарысында талапкерлер майдан тақырыбындағы патриоттық әндер мен еркін тақырыптағы шығармаларды шырқады. Қатысушылар өнеріне ҚР Мәдениет саласының үздігі Арман Әуез, «Мырза» оркестрінің концертмейстері Шәрбат Мұхиядинқызы, Әйтеке би кенттік мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Рақымжан Мақсатбаев қазылық жасады.
Сахна мәдениеті, орындаушылық шеберлік, тіл тазалығы сарапқа түскен сын нәтижесінде бас жүлде Қазалы ауданы намысын қорғаған Мадияр Жеткербайға бұйырды. Бірінші орынды аралдық Дәулеткерей Қуантқанұлы бұйдалады.
Екінші орынды әйтекебилік Альбина Сембай, Жаңақорған ауданынан қатысқан Абылай Сұлтан, Қызылорда қаласынан келген Саят Сарманбек қанжығалады.
Үшінші орынға қармақшылық Рахман Әлиасқар, аралдық Нұрсайын Абдыханиев, Жалағаш ауданының өнерпазы Әділет Бөбеш, Жаңақорған қаласынан келген әнші Бекнұр Фазылбек ие болды.
Қатысушылар мен жүлдегерлерге арнайы диплом, қаржылай сыйлықтар мен Лақалы ауылынан шыққан майдангер ардагерлердің өмір жолынан сыр шертетін естелік жинақ кітапшалар таратылды.
Шараның жоғары деңгейде өтуіне ел азаматтары Сансызбай Жансүгіров, Нияз Өксікбаев, Жұбатыр Ахметов, Жансап Қанатбаев, Мақсатбай Асқаров, Жеткербай Үргенішбаев, Сәдуақас Махашов, Ізетулла Қалиев ұрпақтары атсалысқан. Бас демеуші болған, тыл ардагері, Социалистік Еңбек Ері Кәрібоз Әлимаев бұл күні қатысушыларға ақ батасын берді.
Байқау қатысушылары қонақтар бұл күні мен Лақалы ауылындағы «Құрмет Алаңына» барып, Ұлы Отан соғысына қатысқан ауыл азаматтарының есімдері қашалып жазылған мәрмәр тақта жанында ерлер рухына тағзым етті.
Айнұр ӘЛІМБАЕВА
10 мамыр 2025 ж. 222 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930