Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнерлі өрендер

Өнерлі өрендер


Қазалы ауданының мәдениет және спорт бөлімінің қолдауымен Әйтеке би кенттік мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Жас қанат – 2024» өтті.
Байқауға барлығы 20-ға жуық талапкер қатысты. Жастар шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқауды Қазалы ауданының мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Болат Жолтаев құттықтау сөзімен бастап, жыл көлеміндегі атаулы күндер, мақтан тұтар тұлғалардың мерейтойларын атай отырып, жоғары деңгейде өткізуге үлес қосуға шақырды. Сондай-ақ қатысушы талапкерлерге сәттілік тіледі. Бұдан әрі қазылар алқасының құрамы әнші, ұстаз, облыстық «Жас қанат», «Сағынам» ән байқауларының жеңімпазы, «Шайыр Шымберген» республикалық ән байқауларының жүлдегері, Ақтау қаласында өткен халықаралық этнофестивалдің лауреаты Бақыткүл Темірова, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаз, жүлдегері, музыкалық жетекші Рақымжан Мақсатбаев, «Мырза» халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің концертмейстрі, әнші Шәрбат Мұхиядинқызы талапкерлердің өнеріне, сахна мәдениетіне, орындаушылық шеберіне баға берді. Талапкерлер Қазақстан композиторларының немесе басқа да шетел композиторларының әндерінен бір ән орындады. Нәтижесінде бас жүлдені Қазалы қаласынан қатысқан Ақерке Қылышбай жеңіп алды. Бірінші орынды бекарыстанбилік Сымбат Нартай, екінші орынды Ғ.Мұратбаев ауылынан келген «Жас Star» вокалды аспапты ансамблі, жеке дауыста Айзере Шалқыма иеленді. Үшінші орынға Жанқожа батыр ауылының өнерпазы Нұрдәулет Жетес пен қожабақылық Ниетулла Мерейхан лайық деп танылды.
Б.ІЗМАҒАНБЕТОВ

13 ақпан 2024 ж. 100 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031