Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Батырға арналған ән байқауы

Батырға арналған ән байқауы

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Басықара ауылының тумасы Сәду Тасмағанбетовтың 100 жылдығына орай «Дара тұлға болып қалдың мәңгілік, Айтсын ұрпақ есіміңді ән қылып» атты облыстық әншілер байқауы өтті.
Ән додасын Басықара ауылдық округінің әкімі Мұратбек Тоқтамұратұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Әбенұлы Тасмағанбетовтер әулетіне арнайы Алғыс хатпен Басықаралық қолөнерші Ербек Оңдасовтың төл туындысын естелікке табыстады.
Байқауға Жаңақорған,Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарынан 16-35 жас аралығындағы 10 талапкер қатысып, екі кезең бойынша өнер көрсетті. Бірінші кезеңде соғыс тақырыбындағы және сол жылдардағы әндер шырқалса, екінші кезеңде патриоттық тақырыптағы әндер орындалды.
Талабы таудай талант иелерін анықтауда белгілі өнер майталмандары, атап айтсақ, ҚР Мәдениет саласының үздігі, музыкант, қобызшы, Мәдениет саласының ардагері Арман Махамбетұлы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, әнші, композитор Кемеңгер Байназарұлы, сондай-ақ Қызылорда Халық шығармашылығы және продюсерлік орталығы директорының орынбасары Рая Дөңесбайқызы төрелік етті.
Байқау нәтижесі бойынша бас жүлде қазалылық Еділ Нағыметовке бұйырды. Бірінші орынды жалағаштық Қуаныш Арайлым қанжығасына байлады. Қармақшылық Алиасқар Рахман екінші орынның тұғырынан көрінді. Ал үшінші орынды қазалылық Ерболат Серік пен жалағаштық Гүлсім Әбжаппарова өзара бөлісті. Өнер додасында үздік шыққандармен дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталып, өзге қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

11 мамыр 2024 ж. 175 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930