Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауапты майдан жауынгері

Жауапты майдан жауынгері

Екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі Кеңестер Одағында болған барлық елдер үшін тарихи маңызы зор, әлемдік деңгейдегі оқиға саналды. Сол тұста бұл сыздың салқыны тимеген бірде-бір отбасы болмады десем артық емес. Неміс-фашист басқыншыларынан елді қорғау үшін қаймықпай күресіп, жеңісті жақындатуға жалынды жастығы, еселі үлесін қосқан майдангердің бірі менің атам Рүстем Маханов еді.
Рүстем Маханов 1921 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданына қарасты Абай ауылында дүниеге келген. Анасынан ерте айырылған бала қиындықтың қамытын ерте киеді. Әкесі ұлының болашағын ойлап, оның алаңсыз біліп алып, аш қалмай, таза жерде өсуі үшін Қарақалпақстанның Тақтакөпір қаласындағы интернат тәрбиесіне тапсырады.
Албырт балғын кезеңі осы мекемеде өткен ол оқуды қызығушылықпен оқып, өзінен өзгені оздырмауды ұстаным етеді. Мұнысы қызғаныш емес, ой түкпірінде жатқан асыл арманына апарар жол деген сенімі еді. Өзге қатарластары асыр салып ойнап жүргенде, білімге құмар балғын өзгелерден сабақты, кітапты жасырынып оқиды екен. Ұғымтал ұлдың үлгерімі де өте жақсы болады. Орта мектепті үздік бітіріп, өзі қалаған жоғары оқу орнына құжат тапсырады. Бала арманы жүзеге асқанымен, тағдыр оған Куйбышев атындағы іргелі оқу ордасындағы курсты толық тәмамдауға мүмкіндік бермейді. Самарханның сауда институтының екінші курсын бітірген шағы – 1942 жылдың 30 қаңтарында Қызыл армия қатарына шақырылады.
Аяқталмаған жоғары білімі ескеріліп, Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыртқы істер бөлімінің 5- дивизиясына жіберіледі.
Олардың негізгі қызметіне ұрыс қимылдарын бақылау, божам жасау, әскерилер көңіл-күйі мен хал ахуалына талдау жүргізу, орын алған жағдайларға орай жекелеген болжамдар жасап, жоғарыдағыларға үздіксіз хабардар ету жатады. Тіпті жат көзқарастағы, диверсант-агенттерді анықтап, оларға қарсы жұмыс істеу, қылмыстылықпен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді де қамтиды. Іс қағаздарды жүйелі, жедел, сауатты толтырудан өзге түрлі қауіп-қатерге толы құпия қызметтің қиындығымен бетпе-бет келеді. Аға сержант атамның майдандастары арқасында оларға тапсырылған аймақта келеңсіздіктер орын алмаған.
1944 жылы 16 қазанында елге аман оралады. Келгеннен кейін жұбайы Балқаш әжеміз екеуі отбасын құрып, он бала тәрбиелеп, өсіреді.
Жауынгер соғыс туралы әңгімені кез келген уақтта айта бермейтін. Біз жылдар ізін салған жанарынан ол кездердің ауыртпалығы ауыр болғанын үнсіз аңғаратынбыз. «Бірге туған бауырымның жас денесі майданда қалды. Алла мені аман қалып, атамыздың жолы жалғассын деген шығар», – деген шүкіршілік пен тебіренісін естігенім бар. Өзге де шейіт болған жолдастары туралы айтқанда, терең күрсініспен толқитын.
Атам Қазалыдағы ауылшаруашылық техикуман білім алады.
1948-1956 жылы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, сол тұста аудан орталығы болған Қазалы қалалық атқару комитетінің төрағасы, бірнеше рет Қазалы қалалық атқару комитетінің депуты болып сайланады. Қазалы су құрылыс терісінің кәсіподақ төрағасы және «ПМК-80» мекемесінің партия ұйымының хатшысы қызметін абыроймен атқарады. Жауапты орындарда қызмет ете жүріп, талай жас кадрлерді тәрбиелеп, мамандандыруға мұрындық болады.
Өмір жолында түйген тағылымы ма, әлде туа бітті қасиеті ме екен, әр сөзі мірдің оғындай нық, анық айтылатын. Қалжыңдап болса да артық сөз сөйлеп, арды жаралау оның болымысына тән қасиет емес-тін. Атам қос тілді өте жақсы меңгерген. Бала болсақ та бізге дұрыс сөйлеу, таза жүру, жауапкершілікті сезіну дағдыларын сіңіретін. Қатал талап ететін. Танитындар балалары, жақындарының жұмысқа орналасуына, басқа да жағдайлардан өтуіне ешқашан атсалыспағанын айтады. Әрбірін өз жолын өзі қалыптастырып, шыңдалуына жетелейді.
Тегеурінді талапты өмірлік бағыттарына айналдырған ұл-қыздары да өз орындарын табады. Әлиі ұзақ жылдар білімді инженер-механик болса, Одақ тарағаннан кейін, уақыт талабына сай кәсіпкерліктің көкжиегін кеңітеді. Ерғалиі – Сырдария аудандық туберкулезбен күрес диспансерінің бас дәрігері, облыстық өкпе аурулары ауруханасының бөлім меңгерушісі болады, Қалиі – Азия бас дәрігер чемпионы, денешынықтыру пәнінің мұғалімі. Жанғали мен Досқали, Әлия бүгінде өмірден озған. Қыздары Әсия – байланыс, Майра – сауда саласында, жылу жүйесінде қызмет еткен, Марал – тұтынушылар талыбынан табылса, Мәншүк – ақ халатты абзал жан. Күйеу балалары, келіндері мен немерелері қоғамның әр саласына өзіндік үлесін қосып келеді.
«Ешкім де, ешқашан да ұмтылмайды» деген тәмсіл бар. Ерлік пен еңбек майданынның жауынгері бірінші дәрежелі «Отан соғысы», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін», Кеңес Одағының Маршалы К.Г.Жуков медалімен, Жеңістің 30, 40, 50, 60, 70 жылдығы мерекелік медальдарымен наградталып, түрлі Алғыс хат, Құрметке ие болады.
1997 жылы 76 жасында қайтыс болады. Қазіргі таңда атамның өнегелі өмірі, жүрген жолын ұрпақтары абыроймен жалғауда.
Рима МАХАНОВА,
Қазалы аудандық көпбейінді ауруханасының дәрігері,
майдангердің немересі
09 мамыр 2025 ж. 51 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 62

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031