Қазақстанда зорлық-зомбылыққа бейім адамдар туралы олардың жұмыс немесе оқу орындары хабарлауы ұсынылды

Депутат Павел Казанцев адамда зорлық-зомбылыққа бейімділік болса, бұл туралы оның жұмысы немесе оқу орны хабарлауды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл норманы мәжілісте "Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" заң жобасын қарау кезінде депутат Павел Казанцев ұсынды.
Пікірталас тудырған шаралар әлі талқылау кезеңінде. Біреулер мұны жеке өмірге араласу деп есептесе, енді біреулер керісінше, қажет деп санайды. Қазір қысқа мерзімді қамау, қоғамдық жұмыс немесе қорғау бұйрығы жазалары қолданылып жүрген. Дегенмен отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтата алмай отыр. Мысалы, биылдың тоғыз айында Ақтөбе облысында 3,5 мың қорғау бұйрығы берілген. Ал мыңнан астам адамға сот ерекше талаптар қойған.
Юрист Дана Баримнің пікірінше, егер мұндай адамдардың әрекеттері жұмыс берушілеріне белгілі болса
"Қоғамдық айыптау – алдын алу шарасы ретінде тиімді. Көп жағдайда әйелдер отбасындағы жағдайларды жасырады. Ал бұзақылар соны пайдаланады”, – деді Дана Барим.
Ішкі істер министрі Ержан Саденов те бұл ұсынысты қолдайды. Оның ойынша, қоғамдық сын зорлық-зомбылықты азайтуға көмектеседі. Ал психолог Ирина Украинцева бұл бастаманы қолдай отырып, жұмыс берушілердің тым қатаң шара қолданбауы керек екенін жеткізді.
"Мұндай адамдармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдері қажет. Бірақ оларды бірден жұмыстан шығару дұрыс емес", – деді ол.
Жалпы, бұл мәселе қоғамда үлкен пікірталас тудырды. Бір жағынан – жеке өмірге қол сұқпау құқығы бар. Екінші жағынан – зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау қажет.