«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өндіріс ұжымымен кездесу өтті

– «AMANAT» партиясы еңбек адамын ел тірегі деп біледі. Әсіресе, теміржол саласында күн-түн демей қызмет етіп жүрген жұмысшылар, яғни Сіздер еліміздің өндірістік әлеуетінің негізісіздер. Бүгінде Қазалы локомотив жөндеу депосы тек аймағымыздың ғана емес, республикамыздың ірі өндіріс ошақатарының бірі. Сондай-ақ зауыттың халықаралық деңгейде жүргізіп жатқан ынтымақтастығы ұжымның кәсіби біліктілігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сондықтан білікті мамандар мен жұмысшыларды қолдау партияның басты міндеттерінің бірі. Сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді қай кезде болсын тыңдауға дайынбыз», – деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
Мұнан соң филиал төрағасы бірқатар белсенді партия мүшелеріне Алғыс хаттар табыстады.
Кездесу соңында Қазалы локомотив жөндеу зауытының директоры, «Қазалы ЛЖЗ» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұрлан Алмағамбетов сөз алып, ұжыммен арнайы кездескен партияластарға ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, Қазалы локомотив жөндеу зауыты 1905 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. «ТЭМ-2» тепловоздарына күрделі жөндеу жүргізетін және күшейтілген техникалық қызмет көрсететін еліміздегі жалғыз ірі өндірістік мекеме саналады. Бүгінде мұнда 330 адам жұмыс жасайды.
#AMANAT