Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Үздік бастауыш партия ұйымы" байқауына қатысушылар марапатталды

"Үздік бастауыш партия ұйымы" байқауына қатысушылар марапатталды


Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «AMANAT» партиясының Республикалық «Үздік бастауыш» партия ұйымы байқауы өткізілуде. Бүгін партияның аудандық филиалының мәжіліс залында байқаудың аудандық кезеңіне қатысқан бірқатар бастауыш партия ұйымдары марапатталды.
Партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев байқаудың негізгі мақсатына тоқталып, бастауыш ұйымдардың партиялық жұмыстарды жүзеге асырудағы маңыздылығын атап өтті.

«Бастауыш партия ұйымдары партияның негізгі тірегі әрі оның ішкі байланысын нығайтып, қоғаммен тікелей жұмыс істеудегі маңызы жоғары құрылымы. Ұйымының қызметі партияның саяси бағытын нақты жүзеге асыруда айрықша рөл атқарды. Сондықтан бірлесіп атқарған жұмыс арқылы партияның негізгі мақсатары мен міндеттеріне нәтижелі түрде қол жеткізе аламыз», - деді Нұрғиса Жаппарбергенұлы.

Мұнан соң байқау қатысушыларына аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліштің Алғыс хаты табысталды.

Айта кетейік, аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша үздік атанған үш ұйым облыстық байқауға қатысатын болады.

#AMANAT
29 қаңтар 2025 ж. 49 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30