Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың қанша пайызы кітап оқиды?

Қазақстандықтардың қанша пайызы кітап оқиды?

Фото: Pixabay.com
Мемлекет басшысының бастамасымен биыл Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні аталып өтіледі. Мерекелік күнге дайындық аясында 2025 жылғы 14-18 сәуір аралығында EGOV mobile платформасында азаматтар арасында сауалнама жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сауалнамаға еліміздің барлық өңірінен 46 190 адам қатысты. Оның ішінде 50.7% әйел және 49.3% ер; 70% қазақ, 18% орыс және 12% басқа этностар; 21% (18-29 жас), 50% (30-45 жас), 22% (46-60 жас), 5% (61 жастан жоғары).

Зерттеу қазақстандықтардың басым бөлігі (57,3%) тұрақты негізде кітап оқитынын көрсетті.

Респонденттердің 31% жылына 1-3 кітап, 26.3% 3 кітаптан артық оқиды. Бұл көрсеткіш – халықтың едәуір бөлігінде оқуға деген қызығушылықтың сақталғанын көрсетеді.

Бұл ретте кітапқұмар нәзік жандылардың саны (58.7%) ер-азаматтарға (55%) қарағанда көбірек екені байқалады.

Оқуға деген қызығушылық жас санатына байланысты да құбылатынын көрсетті: кітап оқуға деген қызығушылық негізінен 18-29 жас аралығындағылар мен аға буын (61 жастан асқан) адамдар арасында басым. Ал 30-45 жас аралығындағы адамдар салыстырмалы түрде аз оқиды.

Алайда сұралғандардың үштен бір бөлігі (30.6%) уақыттың жоқтығынан мүлдем кітап оқымайтынын мойындады.

Ал жалпы сұралғандардың тек 6.2% кітап оқуға ешқандай қызығушылық жоқ деп көрсеткен.

Тарихи мазмұндағы кітаптар – таңдаулы жанрлар рейтингінің көшбасшысы (26.4%)

Қазақстандық оқырмандар кітап жанрлары арасында тарих, тарихи романдар, өмірбаяндар және публицистикалық кітаптарға басымдық береді (20.5%).

Әрбір алтыншы таңдау – шытырман оқиғалар, махаббат романдары, детективтер (16.3%).

Әрі қарай оқырмандарды қызықтыратын жанрлардың арасында:

Психология, өзін-өзі дамыту кітаптары (15.4%);

Оқулықтар, ғылыми және кәсіби әдебиеттер (8.2%)

Классикалық әдебиет (7.7%);

Ерлер мен әйелдер өздері үшін әртүрлі жанрларды таңдайды.

Ер-азаматтар көбіне – тарихи кітаптар, сонымен қатар ғылыми және кәсіби әдебиеттерді дұрыс көреді.

Ал нәзік жандылар – шытырман оқиғалар, махаббат туралы романдар, детективтер, сонымен қатар психология, өзін-өзі дамыту туралы кітаптарды ұнатады.
23 сәуір 2025 ж. 194 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30