Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жарты бөтелке арақпен тең»: Блогер қымыздың құрамы туралы айтып, ішпеуге шақырды

«Жарты бөтелке арақпен тең»: Блогер қымыздың құрамы туралы айтып, ішпеуге шақырды

Фото: видеодан скрин
Әлеуметтік желіде adiletkhan есімімен танымал заңгер, блогер зиянды заттар адам қанында қанша уақытқа дейін сақталатынын айтты, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Адвокаттың айтуынша, көкнәр, мефедрон секілді барлық иіскейтін дүниелер көлік жүргізіп, заң бұзған жағдайда қан мен зәрдің құрамынан табылады. Сондай-ақ олардың қатарына қазақтың ұлттық сусыны қымыз да кіреді.

«Қымызды айта кетейін. Балқымызға арақ қосып жатады дейді. Бірақ олай емес. Қымызды ашытады. Оның екі түрі бар: жуас қымыз ішетін болса, ол наркологияда көрсетпейді. Ал ашыған қымыз автоматты түрде алкоголь бөледі. Біз эксперимент ретінде төрт литр қымыз ішіп, наркологиялық орталыққа бардық. Үрлеп едік, екі кесе сыра мен жарты бөтелке арақтың нәтижесіндей пайыз көрсетті. Жарты сағатта сондай болды. Ал егер адам организмінде одан да көп уақыт тұрып, ашып қанға тараса тіпті көп пайыз көрсетеді», — деді блогер.

Сөз соңында ол ішпеуге, ішкен жағдайда рөлге отырмауға шақырды.
22 сәуір 2025 ж. 492 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930