Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім саласы: Бүгінгі бет-бейне

Білім саласы: Бүгінгі бет-бейне

Жуық арада тағы бір оқу жылын артқа тастап, алға бір қадам адымдаймыз. Тоғыз ай бойы талмай еңбек ететін ұстаздардың еңбегі мен білім нәрімен шыңдалған шәкірттердің нәтиже көрсетер сәті де алыс емес. Осы ретте биылғы оқу жылында атқарылған жұмыстардың жай-жапсарын білмек болдық.
– Қазіргі заман – білім мен жаңашылдықтың дәуірі. Білім саласын дамыту – ел болашағының іргетасын бекемдеу деген сөз. Бұл бағытта оқу бағдарламаларын жаңғырту, мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру, заманауи технологияларды енгізу және білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету – басты басымдықтар. Әрбір жас ұрпақ сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті азамат болып қалыптасуы үшін қоғам болып жұмыла жұмыс істеуіміз қажет. Білімге салынған инвестиция – елдің жарқын болашағына салынған инвестиция екені анық, – деп бастады бізбен әңгіме басын аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов.

3 жастан 6 жасқа дейін балалар балабақшамен қамтылған
Қазалы аудандағы 51 мектепке дейінгі ұйымда 4970 бала тәрбиеленуде. 3 жастан 6 жасқа дейін балалар 100% балабақшамен қамтылған. Жеке балабақшалардың үлесі – 27,5%. 14 жекеменшік балабақшаның 13-і кентте, 1-і ауылдық жерде орналасқан. Өткен жылы 205 орынға арналған 3 жеке балабақша ашылып, 4 жеке балабақша 94 қосымша орынға көбейді.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда 581 педагог қызмет атқаруда. Барлық педагогтың біліктілік деңгейі арттырылып, 2023 жылы мемлекеттік балабақшалар толық аттестаттаудан өткізілген. 2025 жылы 12 жеке балабақшаны аттестаттаудан өткізу жоспарлануда.
Ауданда 38 мектепте 16962 оқушы білім алады. Оларды 2500 педагог білім нәрімен сусындатуда. Барлық педагог білім мазмұнын жаңарту аясында біліктілік арттыру курсынан өткен. Мектеп басшылары менеджмент бойынша – 100%, көшбасшылық бойынша 34 басшы өз біліктілігін арттырған. Аудан бойынша 5 мектепте «педагог-шебер» біліктілік санатты 6 педагог жұмыс жасайды. Биыл 14 мұғалім «педагог-шебер» біліктілік санатына өтінішін беріп отыр.

Оқушылар республикалық олимпиадада топ жарды
– Білім саласында оқушылардың білім сапасын анықтау түрлі бағыттар бойынша жүргізіледі. Соның бірі, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне ауданнан 8 мектептен 4 және 9 сынып оқушылары қатысуда. Білім жетістіктерінің мониторингі жыл сайын жүргізіледі. Биыл аудандағы барлық мектеп мониторнигті толық аяқтайды. Өткен оқу жылында мониторинг қорытындысы бойынша 3 мектеп үздік деп танылған болатын.
Халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы аясында биыл 4 мектепте PISA халықаралық зерттеуі жүргізілуде. Халықаралық зерттеулер білім саласындағы өлшеуші индикаторлардың бірі болып табылады. PISA – 2025 Халықаралық зерттеуіне 15-17 сәуір аралығында 4 мектептен 15 жастағы 89 білім алушы қатысты.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиада көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, 2023-2024 оқу жылында республикалық кезеңге 4 оқушы қатысып, 1 оқушы жеңімпаз атанса, 2024-2025 оқу жылы республикалық кезеңге 7 оқушы қатысуда.
Ауыл мектептерінің пәндік олимпиадасының республикалық кезеңіне былтырғы оқу жылы 6 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлдегер атанса, биыл республикалық кезеңге қатысқан 18 оқушының 15-і жүлдегер атанды. Ауыл олимпиадасының қорытындысы бойынша 1 оқушы грант жеңіп алса, №249 мектеп-лицей «Ең үздік ауыл мектебі» атанды.

Мемлекеттік грант иегерлер саны артып келеді
2023-2024 оқу жылында бітіруші 899 түлектің 797-сі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Орта балл – 83,7-ні құрап, аудан облыс деңгейінде алдыңғы қатардан көрінді. Ал облыс республика көлемінде ҰБТ нәтижесімен ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. ҰБТ-ге қатысқан 797 түлектің 693–і (87%) мемлекеттік грант конкурсына қатысып, нәтижесінде 579 оқушы (83,5%) мемлекеттік грант иегері атанды.
Биылғы оқу жылы аудан бойынша 35 орта мектепте 944 мектеп бітіруші бар. Мамыр-шілде аралығындағы ҰБТ-ге 944 оқушының 883–і (93,5%) қатысу жоспарлануда.
Қазіргі таңда 2024-2025 оқу жылының 16 мамыр-5 шілде аралығындағы ҰБТ-ның мемлекеттік гранты үшін тестілеуге 2 лекте 12-25 сәуір аралығында өтініштер қабылдануда.
Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігімен Біртұтас тәрбие бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Қазіргі таңда, тәрбие жұмыстары біріздендіріліп, біртұтас бағдарламаға біріктірілді.
Бағдарламаны жүзеге асыру аясында «Мектеп парламенті» өзін өзі басқару ұйымына 4502 оқушы, «Мектеп театры» жобасына 755 оқушы, «Пікірсайыс» 758 оқушы, «Оқуға құштар мектеп» жобаларымен 6789 дан астам оқушылар қамтылды.
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары» ашылып, ай сайын психологиялық-педагогикалық білім беру сабақтары ұйымдастырылды. Шараға 3571-ден астам ата-аналар қамтылды.
Бірлескен істе береке бар
2024 жыл басында «2024-2025 жылдарға арналған құқық бұзушылық, буллинг, есірткі, лудомания, вейб темекі, интернетке тәуелділіктің алдын алуға бағытталған профилактикалық бірлескен іс-шаралардың қадамдық жұмыс жоспары» әзірленді. Білім беру ұйымдарында аталған жоспарларға сәйкес мақсатты шаралар тұрақты жүргізіліп келеді.
Кәмелетке толмағандардың беймезгіл уақытта көше кезуін тоқтату үшін аудан әкімдігі күшейтілген 15 рейдік топ құрып, тиісті жұмыс атқарылуда. Ауданда қолайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқан мектепішілік бақылау мен полиция органдарының есебінде тұрған оқушылармен түрлі шаралар жасалуда. Олар үйірме, спорттық секциялармен 100% қамтылған. Есептегі балаларға кейс ашылып, қажетті әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдау жұмысы жүргізілуде.
2024-2025 оқу жылы барысында білім беру ұйымдарында отбасылық, рухани құндылықтармен қатар жасөспірімдер арасындағы құмар ойындардың (лудомания), ерте жүктіліктің, өз-өзіне қол жұмсаудың (суицид), зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылық пен топтық төбелестің, буллинг, кибербуллингтің, интернетке тәуелділіктің алдын-алу мәселелері бойынша оқушылар мен ата-аналарға құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оған 8629 оқушы, 3319 ата-ана тартылды. Бұл ретті аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов:
– Рухани – адамгершілік тәрбие беру, адамзаттық құндылықтарды дамытуда «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы», «Ата-аналар комитеті», «Әжелер мектебі», «Әкелер кеңесі», «Аналар академиясы» бастамаларымен жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта бүгінгі күнге дейін ата-әжелер, әке-аналардың қатысуымен 85 шара өткізіліп, оған 16294 оқушы қатысты. Бірлескен істе береке бар. Ата-анамен тығыз байланыс жасау ешқашан күн тәртібінен түскен емес.
Білім алушылар арасында әскери қызметкерлерінің беделін арттыру, оларға әскери-патриоттық тәрбие беру, алғашқы әскери даярлық саласы бойынша тиісті кәсіби бағыт бағдар беру мақсатында №266 мектеп-лицейде кадет сыныбы ашылып, 9-10 сыныптардан 19 оқушы дәріс алуда. Сабақ аптасына 10 сағат, яғни күніне 2 сағаттан жүргізілуде.
Білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 25.08.2022 жылғы «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» №377 бұйрығын басшылыққа алып жұмыс жасайды. 2024-2025 оқу жылында мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастыруда педагог-психологтардың жылдық жоспары аясында жасөспірімнің психикалық саулығын бағалауға 5-11 сыныптар бойынша 10217 оқушы қатысты. Қазіргі таңда Балалардың құқықтарын қорғау мақсатында тұрақты түрде жұмыс жасайтын жеке «111» QR-код білім беру ұйымдарында орналастырылды, –деп мәлімдеді.

Үйірменің үйретері көп
Қазалы ауданы бойынша білім бөліміне қарасты 2 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Қосымша білім беру ұйымдарында 2127 оқушы білім алуда.
Мектептердегі түрлі бағыттағы 1039 үйірмеге 14835 оқушы қатысады. Оның ішінде шығармашылық бағыттағы 500 үйірмеге 6605 оқушы, спорттық бағыттағы 12 спорт түрінен өткізілген 539 үйірмеге 8230 оқушы тұрақты барып жүр. 2024-2025 оқу жылында 16962 оқушы қосымша біліммен қамтылған.

Балалар жазғы демалыс орындарына барады
Жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтырылуын, демалысын, бос уақытын өткізуге сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы аудан бойынша 1-10 сыныптар аралығында 16001 оқушы бар. Шағала БСДО 1 маусым - 21 тамыз аралығында жаз бойы 7 ауысымда 875 бала міндетті оқу қорынан тынықтыратын болады. 26 мамыр - 11 маусым аралығында 38 орта білім беру және 2 қосымша білім беру ұйымдарына 7358 оқушы, облыстан тыс Шымкент қаласындағы «Таңнұры» және Алматы қаласындағы «Арман дала», «Праус», «Тау-Жаңашар» лагерлеріне ата-аналар мен демеушілер есебінен аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 80 оқушы, білім саласы кәсіподақ ұйымы арқылы педгогтардың 70 баласы Шағала БСДО-да демалдыру жоспарлануда.
«Қазақстан қоры» арқылы 100 оқушыны жіберу көзделуде. Танымдық экскурсияларға 1973 бала апару жұмыстары ұйымдастырылады. Жалпы алғанда 1-10 сынып аралығындағы 16001 баланың 15553 баласы (97,2%) жазғы демалыс орындарына барады.

8584 бала бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған
38 мектеп білім беру ұйымдарының асханасында оқушыларға ыстық тамақты 9 кәсіпкер ұйымдастырып, 8584 бала бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған.
Осы ретте, асхана жұмысын цифрландыруға бағытталған жұмыстар бойынша 2024 жылы Әйтеке би кенті, Қазалы қаласындағы 10 мектепке әлеуметтік әмиян енгізу үшін «Транстелеком» акционерлік қоғамы арқылы құны 13 миллион 630 мың теңгеге ақпараттық бағдарламалық кешен орнатылып, жұмыс жасауда.
2025 жылы 10 мектепке қайта қызмет көрсету үшін және Әйтеке би кентіндегі 3 мектеп Қазалы қаласындағы 2 мектеп жаңадан ақпараттық бағдарламалық кешен орнату мақсатында 34 миллион қаржы бөлінді.

Кентте 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі салынады
2024 жылы қаңтар айында Әйтеке би кентіндегі 250 орындық мектеп және 2025 жылы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында, апаттық жағдайдағы 1 мектеп пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, Бекарыстан би мен Ғ.Мұартбаев ауылдарындағы апат алдындағы мектеп мәселесін шешу мақсатында 250 орындық мектеп құрылысы және Бекарыстан би ауылындағы 250 орындық мектеп құрылысы Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің қаржыландыру тізбесіне енгізілген. Ал, Ғ.Мұратбаев ауылындағы 250 орындық мектеп құрылысын қаржыландыру да аталған комитетке ұсынылуда.
Аудандық құрылыс бөлімінің тапсырысы негізінде Әйтеке би кентінен 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебінің құрылыс жұмыстары үстіміздегі жылы бастау жоспарланып отыр. Қожабақы ауылынан 90 орындық балабақша құрылысы демеушілік арқылы жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

Бірнеше білім ордасы жөндеуден өтеді
ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес 2025-2027 жылдары күрделі жөндеу жүргізілуі қажет мектептер тізіміне ауданымыздан 12 мектеп енгізілді.
Биылғы 2025 жылы Әйтеке би кентіндегі Ж.Жабаев атындағы №234 мектепке күрделі жөндеу жүргізу үшін 457,1 миллион теңге бөлініп, 7 сәуірден бастап жұмыстар басталып кетті. Жөндеу жұмыстарын тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр.
2024 жылы Қ.Сатбаев атындағы №216 мектеп ғимаратының қасбеті металлосайдингпен қапталған болатын. Ал, 2025 жылы 372 миллион теңгеге 8 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. 8 мектептің жөндеу жұмыстарын тамыз айында аяқтау жоспарлануда.

Оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда
2024 жылы бейнебақылау камераларын орнатуға 72 млн теңге қаржы бөлініп, 13 мектеп пен 2 балабақшаға стандартқа сай бейнебақылау камерлары орнатылды.
«Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асырылуы бойынша 2025 жылға 12 балабақша, 15 мектепке, 3 қосымша білім беру ұйымына бейнекамера орнатуға, 14 балабақша, 11 мектеп, 2 қосымша білім беру ұйымына дабыл түймесін орнатуға және Оқушылар үйіне турникет орнатуға барлығы 197 миллион теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

«Кәсіптік мектеп» пилоттық жобасы жүзеге асуда
Жаңа модификациялық кабинетпен 6 мектеп 983 миллионға жабдықталды. Облыстық бюджеттен 15,4 миллион теңгеге 4 мектеп STEM кабинеттермен жабдықталды.
2024 жылы «Ауыл мектебі» бағдарламасы аясында облыстық білім басқармасының қолдауымен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен №266 мектеп-лицейге құны 246 миллион 881 мың 224,0 теңге қаржыға бөлініп, 28 заманауи пәндік кабинеттер, 3 кабинетке /химия, биология, физика/ зертханалық құрал-жабдықтар, музыка кабинеті, АРТ студия, коворкинг орталығы, Ұлттық ойын кабинеті, телестудия, STEAM лабораториясы, робототехника, информатика кабинеттері, 18 интерактивті панельдер, жиһаздар мен парта және орындықтармен жабдықталды.
Сонымен қатар, 2025 жылы «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай жоғарыда аталған жабдықталған кабинеттер арқылы оқушылар мектеп бітірген уақытта қосымша мамандық алып шығу үшін облыстық оқу әдістемелік орталығының қолдауымен «Кәсіптік мектеп» пилоттық жобасы аясында жоғары сынып оқушыларын бастапқы кәсіптік еңбекке даярлау мақсатында оқу өндірістік комбинат енгізілді.
Бұл өз кезегінде болашақ 10-11 сынып оқушыларынң қолданбалы курс аясында аспазшы, тігінші, графикалық дизайнер және жүргізуші мамандықтары бойынша қосымша білім алып, мектеп қабырғасын аяқтаған соң куәлік берілетін болады.
2025 жылы 6 мектепке StarLink желісіне қосылу үшін 7 млн 719 мың теңге қаржы бөлініп, 200 мб/сек жоғары жылдамдықтағы интернет желісі орнатылды.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
22 сәуір 2025 ж. 44 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930