Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім бәсекесі басталды

Білім бәсекесі басталды

Білімге құштар бүлдіршіндерге ұмтылыс сыйлап, мықтылығын дәлелдеуіне мүмкіндік беретін сайыстар аз емес. Десек те, оқушылар үшін де, оларды білім нәрімен сусындататын ұстаздар қауымына да пәндік олимпиаданың бәсі биік. Себебі осы бәсекеде белгілі бір пәнді жетік меңгерген жас анықталып, жетекшісінің біліктілігі байқалады. 30 қаңтардан бастап 2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі басталды.
Осы кезге дейін алған білімдерін бір пысықтап алған оқушылар таңертең №266 мектеп-лицейге ағыла бастады. Мақсаты – айқын, талабы – ортақ. Алайда алуан-алуан жүйріктің әліне қарап шабатыны белгілі. Кіл мықтының арасынан алға озғысы келетіндер 14 пән бойынша бақ таластырады. Нақтырақ айтсақ, 9, 10, 11 сыныптардан жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың I (мектепішілік) кезеңінен 739 оқушы ұсынылды. Арнайы нұсқаулыққа сәйкес, 30 қаңтар мен 3 ақпан аралығына оқушылардың қатысу кестесі бекітілді. Ал кеше аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов білім бәсекесіне келген оқушыларға сәттілік тіледі.
– Балалардың санасында біліммен, ақылмен озсам деген ой қалыптастыру ұстаздар үшін өте маңызды. Осы түсінік арқылы бәсекеге қабілетті, тез шешім қабылдай алатын білгір, батыл балалардың тұлғасы қалыптасады. Кезекті пәндік олимпиада да алғыр шәкірттердің жігерін жануға, үйренуге, білуге деген құштарлығын еселейді деген сенімім бар. Сәттілік серік болсын, – деді бөлім басшысы.
Жыл сайын пәндік олимпиаданы өткізу тәртібіне өзгеріс еніп отыратыны қалыпты жағдайға айналды. Бұл доданың әділ өтуіне септесетіні түсінікті. Биыл олимпиадада әр оқушы арнайы кодпен сайтқа кіріп, тапсырма орындайды. Олимпиадаға қатысушының іс-әрекеті платформа арқылы жеке компьютерден және арнайы камерамен бейнебақылау жүргізіледі. Оқушылар отырған аудитория онлайн түрде www.youtube.com сайтында тікелей көрсетілім жасайды. Оқушылар жұмысы сканерленіп, арнайы шифр қойылады. Бұдан кейін анонимді түрде қазылар алқасына тексеруге беріледі. Сайыс соңында оқушылардың жұмысы аты-жөні көрсетілмей, интернет платформада жарияланды. Айта кетейік, олимпиада 3 ақпан күні аяқталады.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
31 қаңтар 2023 ж. 340 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 75

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930