Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Алпамыс» алған асу көп

«Алпамыс» алған асу көп

Әйтеке би кентінің 5-ші квартал аталып кеткен аймағында орналасқан №21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасы» «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып, 2014 жылы қазан айының алтыншы жұлдызынан бастап пайдалануға берілді. Балабақшаның материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жабдықталып, педагог мамандар заманауи технологиялар бойынша білім жетілдіру курстарынан өтіп, ұлт болашағы – бүлдіршіндерді заман талабына сай тәрбиелеуде елеулі үлес қосып келеді.

Балабақшада 12 топ бар. Бұнда баланы қабылдау, ойын, жатын, ыдыс-аяққа және қол жууға арналған бөлме, меңгеруші, әдіскер кабинеті, логопед, дефектолог, есепші, педагог-психолог, шаруашылық меңгерушісі кабинеті, музыка, денешынықтыру залы, меди­циналық кабинет және оқшаулау бөлмесімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар бүлдіршіндерге патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын, салауатты өмір салтына сай, болашақтың тірегі болатын дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеуде балабақшада дене шынықтыру нұсқаушысы, педагог ұйымдастырушы, педагог-психолог, логопед, дефектолог мамандары, музыка жетекшісі, би жетекшісі жұмыс істейді.
– Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа алып, әр баланың қызығушылығын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу мақсатында жұмыс жүргізіп келеді. Рухани адамгершілік құндылықтың негізі – халық педагогикасынан бастау алады. Оның бірнеше ғасырлық тәжірибесіне сүйене отырып, рухани құндылықты сақтай отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, қоғамдық ортаға дайындау, имандылық қасиеттерін бала бойына сіңіру әрбір педагогке жүктелген. Сондықтан да заман талабынан кеш қалмай жаңашылдыққа, инновациялық өзгерістерді күнделікті тәрбиелеу – білім беру процестерінде ұйымдастыру балабақша педагогтеріне қойылатын басты талаптардың бірі, – дейді балабақша меңгерушісі Жанат Коланова.
Балабақшаның материалдық-тех­никалық базасы заман талабына сай жабдықталып, педагог мамандар заманауи технологиялар бойынша білім жетілдіру курстарынан өтіп, ұлт болашағы – бүлдіршіндерді заман талабына сай тәрбиелеуде елеулі үлес қосып келеді. Балабақша педагогтерінің озық тәжірибелерін аудан, аймақ, облыс көлемінде тарату мақсатында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу мен оқыту үшін баланың жас ерек­шеліктеріне сәйкес біліктері мен дағ­дыларын әрекет түрлерінде ойын ар­қылы қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға аудандағы мектепке дейінгі ұйымдардан 200-ге жуық педагог қатысты. Сонымен бірге педагогтердің шығармашылық шебер­лігін шыңдау, педагогикалық тәжі­рибелерін көпшілікке тарату, мектепке дейінгі балалардың заманауи ақпа­раттық-технологияларды пайлану арқылы білім, білік дағдыларын меңгерту мақсатында 2024 жылы 22 мамыр күні Қызылорда облыстық оқу орталығының ұйымдастырумен «Тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз етудегі жаңашыл бағыттар, ортақ ізденіс, тиімді нәтиже» тақырыбындағы облыстық вебинар өткізілді. Вебинарға облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Г.Б.Дихамбаева, облыстық оқу орталығы мектепке дейінгі бөлімінің меңгерушісі Ж.С.Хожбанова және облыс көлемінде 100-ге жуық педагог қатысып, тәжірибе алмасып, оң пікірлерін айтты. Аталған семинарларда мектепке дейінгі мекемедегі білім берудің 5 дағдысы бойынша заманауи, ақпараттық технологияларды пайдаланып, өз тәжірибесін бөлісіп, шығар­­машылықпен жұмыс жасаған Г.Жұ­баныш, М.Танирбергенова, А.Бауыр­­жан, А.Утеген, Н.Нұрылла, С.Тұр­­ғанбай, М.Шапихова, А.Жол­мыр­заева, Т.Казмамбетова, М.Мей­рамбек, А.Нұрдәулет, Б.Көзімай, Г.Жол­­­­мырзаева, Г.Уразымбетова, Б.Сер­­­­жанова, Р.Алга­­зиевалардың ашық ұйым­­­­дас­тырылған іс-әрекеттері ұсы­нылды.
– 2024 жылдың қаңтар айынан бас­тап балабақшамызда «IT балабақша заман талабы» жоба аясында, мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану мақсатында STEAM кабинет ашылды. Бұл кабинеттің мақсаты – цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру, мектепке дейінгі ұйымда өзгерістерді енгізу үшін қажеттіліктерді анықтау, заман талабына сай инновациялық технологияларды енгізу үшін IT-жобасын іске асыру, «Тірек білім беру ұйымы» базасында ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін облыстың басқа білім беру ұйымдарына тарату, жаңартылған білім беру мазмұнына көшуді ескеріп, цифрлық технологияларға негізделген оқу бағдарламаларын әзірлеу, мектепке дейінгі ұйымда өзгерістерді енгізе отырып, заманауи тұлға қалыптастыру және бала, ата-ана, педагог бірлесіп, мақсатты нәтиженің жоғары көрсеткішіне ие болу, – дейді балабақша кабинеттерімен таныстырған Жанат Қуанышқызы.
Ұйымдастырылған тәрбиелеу – білім беру жұмыстарының нәтижесінде балабақша бірнеше рет аудандық білім бөлімі, облыстық білім басқармасы, Қызылорда облыстық оқу орталығының және республикалық балаларды ерте дамыту институтының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
12 қараша 2024 ж. 83 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930