Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлауда әрбір азамат өз дауысын қорғай білуі маңызды – саясаттанушы

Сайлауда әрбір азамат өз дауысын қорғай білуі маңызды – саясаттанушы

Фото:автордан
Тікелей сайлау–елімізге жаңашылдықтар алып келеді. Бұл туралы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Саясаттану кафедрасының доценті Қарғаш Жанпейісова мәлімдеді, деп хабарлайды
BAQ.KZ тілшісі.

Тағайындалмалы әкімдердің қызметке келуіне қарағанда әкімдердің тікелей сайлануы әлдеқайда тиімді. Бұл – кезең-кезеңімен реформалардың орындалуының жалғасы. Тікелей сайлау – жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сайлау арқылы қалыптасуы үлкен трансформациялық қадам, шешім ретінде бағалауға болады, - деп атап өтті Қарғаш Жанпейісова "Ашық саясат" сараптамалық клубының кезекті отырысының кулуарында берген сұхбатында.
Айтуынша, халықтың сайлауға қатысуы, соның ішінде саяси дұрыс ақпараттың түсіндірілуі маңызды.
Саяси қатысу туралы айтар болсақ, электораттың таңдауы үшін ең бірінші дұрыс саяси ақпараттың түсіндірілуі. Сонда халық сауатты болады және саяси сауатты адам өзіне кім керек екенін таңдай алады. Екіншіден, зерттеудің нәтижесіне сүйеніп даярланған бағдарлама болуы керек. Яғни бағдарлама біреуден көшіріп алынбауға тиіс. Сол жергілікті аймақта қандай проблема бар, соны шешуге бағытталған бағдарлама болғаны абзал. Үшіншіден, бағдарлама – ол халықтың проблемасына бағытталғаны жөн. Саяси сайлау науқанын ұйымдастыру барысындағы институционалдық-құрылымдық мәселелердің жүйелі шешілуі де маңызды. Олардың қатарына сайлаудың дұрыс ұйымдастырылуы, сайлаудағы бланкілердің дұрыс болуы немесе олардың сайлауға шақырылуы, ескертілуі, хабарландыруы да мәнге ие. Кейде тіпті өмірде жоқ адамдар тізімде болатыны айтылады. Тұрғылықты жерінен басқа жаққа кетсе, алдын ала ескертуі – бұл да өте маңызды мәселе. Өйткені тіркелу жүйелі цифрландырылған болса, "бір адамға – бір дауыс" қағидаты орындалады. Мұнда да ауытқушылық болмайды. Біз әрбір азамат өзіміздің даусымызды қорғай білуіміз керек, - деді саясаттанушы.
18 сәуір 2025 ж. 88 0

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930