Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағы 21 ауылда әкім сайланды

Тағы 21 ауылда әкім сайланды

1 тамыздан бері тағы 21 елді мекенннің әкімі тікелей сайлау арқылы қызметке келген. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Telegram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биыл 25 шілдеде еліміздің 730 ауылдық округінде алғаш рет әкімдердің тікелей сайлауы өткен. Бұл бір реттік науқан емес. Әкімдердің өкілетті мерзімі аяқталуына қарай сайлау басқа елді мекендерде де өтеді. Іс жүзінде апта сайын Қазақстанның қандай да бір өңірінде ауыл тұрғындары өз әкімін сайлайды. 1 тамыздан бастап тікелей дауыс беру арқылы тағы 21 ауылдық округтің басшылары сайланды. Сонда бүгінге дейін барлығы 751 ауылдық округте әкім сайлауы өткен», - деп жазды Президенттің көмекшісі. Оның айтуына қарағанда, сайланған әкімдердің 86%-ын саяси партиялар кандидат ретінде ұсынса, 14%-ы өзін-өзі ұсынған. «Сайланған әкімдердің 50%-ға жуығы – бұрын әкім лауазымында жұмыс істеп көрмеген жаңа тұлғалар. Осылайша, тікелей сайланбалы жүйенің енуі ауыл әкімдері корпусының жаңаруына септігін тигізіп жатыр деп айтуға болады. Жыл соңына дейін тағы 70-тен астам ауылдық округте әкім сайлауын өткізу жоспарланып отыр», - дейді Ерлан Қарин.

15 қыркүйек 2021 ж. 244 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031