Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл әкімін сайлау: Дауыс беру басталды

Ауыл әкімін сайлау: Дауыс беру басталды

Қазақстанда ауыл әкімін тіке сайлау басталды. 25 шілдеде таңертеңгі сағат 7-де Қазақстанның түрлі өңірінде сайлау учаскелері ашыла бастады. Жексенбі күні 14 облыста 1847 сайлау учаскесі ашылуы тиіс.
Ресми мәліметке қарағанда, Қазақстанда 2346 әкім бар, 25 шілдеде 730-ы тіке дауыс беру арқылы сайланады. Жыл соңына дейін тағы 45 әкім сайлануы тиіс.
Аймақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға 2297 кандидат қатысып жатыр. 1419-ы – өз-өзін ұсынғандар. 878-і саяси партиялар атынан қатысады.
Үгіт-насихат науқаны 14 шілде кешкі сағат 18.00-де басталып, 24 шілде түнгі 00.00-де аяқталды.
Сайлау қорытындысы сайлау өткеннен кейін үш күннің ішінде шығарылады. Жеті күн ішінде сайланған әкім тіркелуі тиіс. Әкімнің өкілет мерзімі аймақтық сайлау комиссиясында тіркелгеннен кейін басталады.
Заң бойынша ауыл әкімі болып «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сай 25 жасқа толған кез келген сотталмаған азамат сайлана алады. Бірақ ол мемлекеттік қызметте кемі екі жыл немесе қоғамдық ұйымды кемінде 2 жыл басқарған адам болуы керек. Одан бөлек, жоғары білімі болуы – басты шарттардың бірі.
Жергілікті белсенділер мен бақылаушылардың айтуынша мемлекеттік қызметте кемі бір жыл немесе қоғамдық ұйымды кемінде 2 жыл басқарған адам болуы керек деген талап кандидат болғысы келетін адамдарды азайтқанға ұқсайды. Өйткені шағын ауылдарда ауыл әкімі мен әкімдіктегі бірер қызметтен өзге мемлекеттік қызмет жоқ.
Қазақстанда бұған дейін халық әкімді тікелей дауыс беру арқылы бір-ақ рет сайлаған.
1998 жылы Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған жолдауында әкімдерді халық тікелей дауыс беру арқылы сайлау керек деген бастама көтерген. Бір жылдан кейін Назарбаевтың туған ауылы – Шамалған әкімін «халық тікелей сайлады» деп хабарланған. Билік «бұл тәжірибе сәтті болса, әкімдер жаппай сайланады» деп уәде берген болатын. Алайда бір жыл өтпей-ақ Нұрсұлтан Назарбаев облыс, аудан әкімдерін бұрынғыша өзі тағайындайтынын, ал ауыл әкімдерін аудан мәслихаты сайлайтынын жариялады.
Биыл мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау заңнамасына бірқатар түзетулер енгізуді қарастыратын, оның ішінде ауыл әкімін тіке сайлауды көздейтін заңға қол қойған. Билік ауыл әкімін сайлауды «демократияға жасалған қадам» деп атап, «саяси реформаның» кезекті сатысы деп сипаттаған.
Билікті сынап жүрген белсенділер мен саясаткерлер бұл науқанның үлкен өзгеріс әкелмейтінін айтады. Олардың айтуынша, бұл – кезекті декорация ғана.
25 шілде 2021 ж. 498 0

Бүгінгі валюта бағамы қандай

05 желтоқсан 2024 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031