Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сындарлы саяси қадам

Сындарлы саяси қадам

2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген парламенттік сайлау күні Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес болатын кезекті саяси науқанға ресми бастама болады. Парламент сайлауы – ел үшін маңызды саяси қадам. Бұған дайындық жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Оған дәлел биылғы жылдың мамырында қабылданған «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңына енгізілген толықтырулар бойынша сайлауға қатысу квотасының әйелдер мен жастар үшін 30 процент болып белгіленуі. Бұл нәзік жандылардың билік органдарына және заң шығару процестеріне қатысуын едәуір арттырады. Жастар квотасы депутаттық корпусты белгілі бір деңгейде жақсартуға мүмкіндік береді. Бұған әйелдер мен жастарды көбірек тарту, азаматтардың жауапты және белсенді қатысуы деп айта аламыз.
2021 жылғы 10 қаңтарға жоспарланған парламенттік сайлаудың ерекшелігі – төрткүл әлемді шарпыған пандемия кезеңінде өткізілуі. Бұл саяси институттардан, мемлекеттік органдардан, қоғамнан үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Мемлекет басшысының Үндеуі және парламенттік сайлау күнін қатаң белгіленген конституциялық мерзімде тағайындау – саяси жаңғырту, көппартиялық жүйені дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үкіметтік емес ұйымдардың да белсене қатысуын кеңейтудің жарқын дәлелі деген ойдамын.

Сәнімкүл КҮЛІКБАЕВА,
“Қазалы ынтымағы” қоғамдық бірлестігінің президенті
24 қазан 2020 ж. 1 203 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930