Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаламы – қуатты, мейірімі – шуақты

Қаламы – қуатты, мейірімі – шуақты

Заң саласындағы кәсіби маман, туралықты ту еткен азаматтың жүрген жолы, ұстанған бағыты жұртшылық сенімін нығайтқан. Атқарған ісі одан ыджахаттылық, жауапкершілік, әр жолына мән беріп, ешбір ірілі-ұсақты үдерісін қалтарыста қалдырмауды өмірлік ұстанымына айналдырған. Біз айтып отырған жолдар Құдайберген Есекейдің қызметіне жүгінгендер қалыптасқтырған пікір. Ал жалпақ жұрт бұл есімді кздескен қиындықтарды қаламында қайыспай көтреген, билік пен бұқара арасында алтын көпір болуымен таниды.
Ақиректегі Ақберген
Бүгінгі биігіне бойлап тұрып, бағытына бастау болған алыста қалған балалығы туралы айтылғанда, ақшағыл құм арасындағы Арал ауданының Ақирек ауылдық кеңесіне қарасты Бекбауылдағы балалығы ойына оралады. Кейіпкеріміз осы ауылдағы ағайынның ұйтықысы, бір рулы елге жөн сөзін айтып, жұртшылық жүгінетін Рәтбай есімді беделді кісінің отбасында кенже ұлы болып дүниеге келеді.
Екі ағасы Қошан, Досан әскерге кетіп оралмаған. Жамал, Даража апалары да ерте өмірден өтеді. Алла бір туған бауырдан жанына серік еткен жанашыр апасы Күләй қайтыс болғанда қатты қайғырып, «Қамбаш та қашықтап барады» деп мақала жазады.
Қазақтың кеңдігі кейде таң-тамаша етеді. Ойын баласы айналасының қызығы болып жүре береді. Осындай күндердің бірінде ағайын ағасы Құдайбергеннің сыртқы сипатына қарап: «Мына балаң оқуға бармай ма?» десе, анасы: «Барсын», – дейді. Сол жылы бірінші сынып партасына отырады. Мектепке қабылдаған ұстаз оқушысының құжатын сұраса, мүлде алынбаған болып шығады. Мұғалім сұратқан соң, жақындары Арал қаласындағы кеңседе жұмыс істейтін туыстарының әйеліне айтады. Жұмыста жүрген жеңгесі арада біраз уақыт өткен соң, туу туралы куәлік дайындайды. Қанша тырысса да, баланың аты ойына оралмайды. Соңында «берген» жеген жалғауы ғана есінде қалады. Жасын да сол жылы оқуға баратынын ескеріп, 6 жаста қылып көрсетеді. Үлкен атасы Есекейдің атын білетін келін қайынінісіне сол күні Құдайберген Есекеев деп дәкумент дайындайды. Сабақ басталып кеткен соң, әлгіндегі құжатпен ешкімнің шаруасы болмайды. Кешігіп келген куәлік сандық түбінде жата береді.
Ал сынып тізімінде оқушы Ақберген Рәтбаев деген өз атымен оқуын жалғастыра береді. Ауылдағы 8 жылдық мектеп бітіріп, әрі қарай онжылдық жалғастырмақ болғанда құжатын іздесе, мектеп пен сандықтағы қағаздан аймашылық көріп, айналасындағылар аң-таң болады.
Тағы бір естелік шын жасын нақтылайды. Әкесі қайтыс болған жылы ағайындар: «Рәт аға, ренжіме, Ақашың да ер жетті» деп мүрдені қорымға алып барарда, түйенің бұйдасын ұстатады. Бұл жайтты ескерсек, құжат бойынша ол кезде небәрі 2 жасар бала бұйда ұстамасы белгілі.
Мақаласы шықпаған «тілші»
Құмды ауылда жүріп-ақ қағілез бала қолына қалам алады. Көрген-білгені, түйгенін республикаға белгілі «Қазақстан пионері» басылымына жариялайды. Көп мақаласы жарық көрмейді. Бала меселі қайтпасын деп, редакциядағылар түрлі жауап жазып жібереді. Сол жауап хаттың өзі Құдайбергеннің анасының жүрегін толқытып, қуанышқа бөлейді.
Өзін «тілші» деп танытқан оқиға әлі ойында.
«Бекбауылдағы 8 жылдықты бітіріп, Қазалы ауданындағы №420 мектепте оқуды жалғастырып жүрген шағым. Күзгі спорттық жарыстар өтіп, біздің мектеп құрамасы кубокты жеңіп алды. Неге екенін білмеймін, жеңісіміздің белгісі бізге табысталмады. Сол әсер етсе керек, ауданнан шығатын «Ленин туы» газетіне болған оқиғаны баяндап, хат жаздым», – деп еске алады. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Өтеген Балымбетов шәкіртін шақырып алып, не «бүлдіріп» жүргенін сұрайды. Ұстазы оқушысы газетке жазғаннан кейін кубок оқу ордасына табысталғанын жеткізеді. Біршама уақыттан кейін «Жарияланбаған хаттың дерегі» тақырыбымен жарық көрген ақпаратта: «Тілші Есекеевтің жеткізген мағлұматы бойынша, кубок табысталдлы» деген жолдар жазылыпты. Осылай жалғаса берген сүйікті ісінен Құдайберген Рәтбайұлы қол үзбейді. Тіпті журналистика саласына түсу үшін кешкі жұмысшы жастар мектебіне ауысып, киномеханик көмекшісі болып жұмыс істейді.
Ізденіске толы жылдар
Адамның дегені әрдайым бола бермейді. Талапкер атанып, оқуға құжат тапсырар шағында жігіт науқастанып, өмірлік мақсаттары басқа арнаға ауысады. Алайда арманы, оқу, іздену, жазудан қол ізбеген Құдайберген денсаулығын жақсарту жолында біраз жылын жоғалтады. Күрделі ота жасалып, ауыр сыннан өтсе де, рухы мұқалмай, алыстағы арманына қол созады. Сондай күндердің бірінде ол туралы білетін таныстарының бірі аудандағы жинақ кассасына шақырады. Аз уақытта жұмысқа машықтанып үлгереді. Көп ұзамай маманға аудандық атқару комитетінен ұсыныс түседі. Бұл кезде басшылық жаңа ауысқан партиялық билеттерді толтыру үшін жазу ажары жақсы, сауатты, есепке қыры бар адамды іздеп жатыр екен. Қысқа сұхбаттасудан соң, бірнеше адамның ішінен Қ.Есекеев лайық деп танылады. Еңбек ете жүріп, заңгерлік жоғары білім алады. Жауапты орында санақшы, парткабинет маманы, нотариус болып жұмыс істейді.
Тәуелсіздік жылдарында облыс бойынша жеке нотариалдық кабинет ашуына жағдайға бейімделуден бұрын, заңдық қызметке жүгінген тұрғындар өтініші ықпал етеді. Лайықты талаптардан өтіп, жеке кәсібін бастауға мүмкіндік алады. Бір жолы біліктілігін қорғауда үздік деп танылып, сыйақыға да ие болады. Сол кезде жұмысын бастаған әріптестері бір-біріне бәсекелес емес, жанашыр жандар болып, сала көкжиегін кеңітеді.
Нотариус істері заңсыз болса, сотпен бұзылып, қайта қаралады. Қырық жылдық өтілінде Құдайберген Есекей жүргізген үш жұмыс осындай жағдаймен ұшырасады. Бірімен 12 жыл ізденіп, жеңіп шықса, екіншісі де «дұрыс» деп танылады.
Кітап жеткізген кеңістік
8-сыныпта оқып жүргенде Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» кітабы қолына түскенде, оқуға әпкелері тыйым салады. Басқа да жаңа шыққан шығармаларды оқуға құмартқанымен, ауыл кітапханашысы жасына лайық еместігін айтып, кері қайтарады.
Бірде ойнап жүріп, мектеп терезесінің әйнегі алынғанын байқайды. Жақын барып қараса, кітапхана бөлмесінің іші шашылған. Құдайбергеннің көзіне орынсыз жатқан кітаптар түседі. Шамшадин інісінің бірін кіші терезеден сүңгітіп, бір-екі кітапты алғызады. Әйнекті алып, қайта салу арқылы жасырып оқып болған соң, орнына қойып, басқасымен ауыстырып, бірнеше кітапты оқуға мүмкіндік алады. Кітап өзін-өзі дамытуға, ойын жеткізуге, дұрыс шешім қабылдауында көп көмегін тигізеді. Жазу ісінде еркін көсілуіне де «досының» ықпалы зор болғанын айтады.
Кешкі мектепте жүргенде кітапханаға бару үшін екі ауысымда да оқуға келеді.
Қазір жасы жетпістен асса да қария қолынан кітабы, газет-журналы түспейді. Бір оқыған бетін бірнеше рет қарап, астын сызып, керегін «түртіп» алу үйреншікті жағдайына айналған.
Қолы қалт етсе, оқырман оясынан да табылып, өзекті мәселелерді көтеріп, журналистканың түрлі жанрындағы жұмыстар жазады. Әр істе азаматтық көзқарасн анықтап, қоғамның өткір, өзекті тақырыптарының түйінін тарқатып, шешімін табуына батылдық, табандылықпен атсалысып, тынбай тер төгіп келеді. Мүмкіндік болса, саладағы жас толқынға ақылын айтудан жалықпайды. Жақсылығын асырып, аз-кем кемшілігіне жанашырлықпен алаңдап отырады.
Облыстағы «Сыр Медиа» жаупкершілігі шектеулі серіктестігінен шығатын, әсіресе аудан айнасына айналған «Қазалы» газеті ұжымы ҚР Журналистер Одағының мүшесі, тұрақты автордың мақаласын жиі басады. Оқырмандар да өмірдің өзінен алынған шынайы шығармаға оң көзқарасын білдіріп жатады. Мерейлі 75 жасқа үлгілі жолы, айтар сөзімен жеткен қаламы қуатты, мейірімі шуақты газет жанашырына редакция ұжымы да айтулы белес қарсаңызда деніне саулық тілеп, «жазарыңыз таусылмасын!» десті.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
15 сәуір 2025 ж. 72 0

Атышулы оқиға ақиқаты

15 сәуір 2025 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930