Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛСЕЙІТ КӨПІРІ МЕН БЕКАРЫСТАН БИ АУЫЛЫ АРАСЫНДАҒЫ ЖОЛДЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ӘЛСЕЙІТ КӨПІРІ МЕН БЕКАРЫСТАН БИ АУЫЛЫ АРАСЫНДАҒЫ ЖОЛДЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Биыл жыл соңына дейін Қазалы ауданы бойынша жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 92 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Осыған сәйкес бүгінде аудан аумағындағы жоспарланған жол жөндеу жұмыстарының бірқатары басталып кетті. Соның бірі – Әлсейіт көпірі мен Бекарыстан би елді мекенінің аралығындағы 6,5 шақырымды құрайтын жолға күрделі жөндеу жұмыстары.
Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет елді мекенге арнайы барып, аудандық маңыздағы жол құрылысы жұмыстарын көрді. Сондай-ақ мердігер мекеме «Қазалы Жолшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапты өкілімен кездесіп, жолдың бекітілген стандартқа сай сапалы болуын қадағалауды қатаң ескертті. Сонымен қатар, жол құрылысы өз мерзімінде аяқталу керектігін айтып, тиісті сала басшысына жол сапасын күнделікті бақылауды тапсырды.
Аудан әкімі бұдан кейін, «Қожабақы-Бекарыстан би 25 км» аудандық маңыздағы автомобиль жолының бойында орналасқан темірбетон көпірді көрді. 1978 жылы салынған «Еңбекарық» деп аталып кеткен темірбетонды көпірдің бүгінде бағаналары жарылып, сынған. Бұл көпір арқылы Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан елді мекен тұрғындары аудан орталығына қатынап, Бекарыстан би, Түктібаев, Майдакөл ауылдарының тұрғындары ауылшаруашылық өнімдері мен мал азығын тасымалдайды.
Осыған орай, аудан әкімі аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жасұлан Сыдықовқа темірбетон көпіріне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттарын тезірек әзірлеуді тапсырды.
#Қазалы
04 сәуір 2025 ж. 322 0

Сазгер кеші

01 маусым 2025 ж. 111

Шегіртке шепті бұза ма?

31 мамыр 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30