Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жұмысымен танысты

Бүгінгі таңда мердігер мекеме «Қазалы жолшы» ЖШС автомобиль жолына асфальт қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуде. Жоба барысында «Қожабақы-Жалпақ» елді мекені аралығына 15 шақырымға толықтай асфальт қабаты төселетін болады.
Мұнан соң аудан басшысы Бекарыстан би – Шөмішкөл елді мекені аралығындағы аудандық маңыздағы автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстарын көрді. Бүгінде автомобиль жолының бойындағы «Сақыбай» каналына көпір салу жұмыстары жүргізілуде.

Елді-мекендер аралығында жүргізіліп жатқан жолдардың құрылысымен танысқан аудан басшысы, жауапты мердігерлер мен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтановқа жол құрылыстарының ең бастысы сапасына аса мән беруді тапсырды.
#Қазалы
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат