Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » TikTok Қазақстан халқы үшін онлайн фестиваль ұйымдастырады

TikTok Қазақстан халқы үшін онлайн фестиваль ұйымдастырады

Қазақстанның жоғары оқу орындары да бұл фестивальге белсенді қатысып жатыр.
Фото:
pexels.com
TikTok жыл сайынғы #Наурыз2025 онлайн фестивалін іске қосады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, үшінші жыл қатарынан Наурыз мейрамына орай TikTok қазақстандықтар үшін ауқымды онлайн-фестиваль ұйымдастырады. #Наурыз2025 арнайы хэштегі арқылы кез келген адам бастамаға қосылып, мерекелік сәттерімен бөлісе алады.

Қазақстанның жоғары оқу орындары да бұл фестивальге белсенді қатысып жатыр. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Satbayev University Наурызды ерекше қарсы алуға дайын, Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде домбыра шертіліп, Yessenov University-де ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтіп жатыр.

TikTok алғаш рет еліміздің ірі қалаларында – Астана, Алматы және Шымкенттегі алаңдарда арнайы интерактивті аймақтар орнатады. Қала тұрғындары осы арнайы безендірілген алаңдарда видеоролик түсіріп, оны 20 наурыз бен 2 сәуір аралығында жобаның #Наурыз2025 хэштегі арқылы ұлттық тағамдар мен дәстүрлер, музыка, би, қала және ауылдардағы мерекелік шаралар тақырыптарында контент жариялап, байқауға қатыса алады.

22 наурыз 2025 ж. 379 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31