Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Орны бөлек орталық

Орны бөлек орталық


Бар бала бақытты болуға лайық. Ел ертеңдерінің өзгелермен тең тәрбие, білім алуы жолға қойылған. Қоғамда денсаулығында қиындық болып, дамуы қалыпты жағдайдан тыс жайға тап болған балғындар да бар. Олардың қиындығын еңсеру, қалыпты жағдайға бейімдеу, өзгелерден оқшауланбауына көп күш-жігер, жұмыс қажет. Осы мақсатта ауданда қайырымдылық күні есік ашқан «Даму» оңалту орталығының маңызы ерекше.
Кешен мемлекеттік тапсырыс не әріптестік байланыс негізінде емес, жеке қаражатпен ашылған. Негізін қалаушы Бағлан Мнажадинова инклюзивті білім беру бағдарламасымен қоса оңалту саласы жұмысында 10 жылдан бері қызмет еткен тәжірибелі маман.
Мұнда он адам жұмыспен қамтылған. Әрбірі біліктілік курстарынан өткен арнаулы мамандар.
Ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған орын церебралды сал ауру, ЗПРР, ЗРР яғни баланың жалпы тілдік және интеллектуалдық дамуы кешеуілдеуі, ми дамуы бұзылысы бар аутист балаларға да жан-жақты қызмет көрсетеді.
Орталыққа келуші кішкентайларға ешкі сүті, екі мезгіл саумал ішкізіліп, жылқы терапиясы, күй терапия, шоқ терапия, Арт терапия, құм терапия, логопед, дефектолог, психолог маман қызмет көрсетеді.
Ерекшелігі, дертті балалармен бірге ата-аналармен де кешенді жұмыс істеледі. Олар психолог, арт терапия, күй терапия, қол өнер терапиялары.
Балаға да, ата-анаға да жақсы жағдай жасалған. Бес мезгіл тамақпен қамтылған. Диагноздарына байланысты ас мәзірі де түрліше әзіренеді.
«Жұмысымызды бастамас бұрын қызмет түрін жан-жақты зерттеп-зерделедік. Орталық ашылғанша энклюзивті шағын орталық жұмысын жүргіздік. Сол жерде қажеттілікті қамтамасыз еткен кешен ашу ісін қолға алу туралы пікір қалыптасты. Басты ұстанымымыз – әр балаға жетік көңіл бөліп, ата-аналар алаңын да сейілту», – дейді Бағлан Нағашыбайқызы.
Аудандағы қызмет түрін тек алыс-жақын ауыл, аймақ қана емес, еліміздің түкпір-түпкірінен ниет еткендер ала алады. Солардың бірі қызылордалық Мүслім Мәдидің анасы. Ол бізге қуанышты жаңалығымен бөлісті. Баласы екінші курс алғаннан кейін зейіні тұрақталып, сөйлем құрастыра бастаған.
«Ұлыма дәрігерлер ЗПР яғни психикалық даму кешеуілдеуі диагнозын қойды. Осы бойынша орталықтан үш курс ем алдық. Алғашқы барғандағы жағдайымыз өте ауыр болатын. Балам еш нәрсеге мән бермейді, атын атаса да қарамайтын, қызығушылығы мүлде болмады. Қазір айтқан сөздері біртіндеп анық, нық болып келе жатыр», – дейді Меруерт Ержанқызы. «Перзенті үшін әр ата-ана қолынан келгенін, мүмкіндігінің барын жасайды. Бірақ мұндай балалармен жүру де оңай шаруа емес. Бұған дейін ем алу үшін қаншама ата-ана пәтер жалдап, туыстарының үйін жағалап, қиындыққа кенелген. Жаңа орталықта жатынжай мәселесі түбегейлі шешілгеніне қуаныштымын», – дейді.
Меруерттің телефонынан кішкентай емделушінің бейнежазбасын тамашаладық. Алғашында сөйлеуге қиналған бала орталық қызметкерлері көмегінен соң тапсырмаларды өз еркімен орындап, төлдер атауларын да атап жатқанына куә болдық.
Осы айдың өзіне Астана, Шымкент қалаларынан, Ұлытау облысынан жазылған ата-аналар барын білдік. Барлығы ақылы қызмет түрін тұтынады. «Жас ерекшелігі қандай?» деген сауалымызды жоладық.
«Белгілі жас шектігі жоқ. 18 жасқа дейін дегенбіз. Алайда бірер күн бұрын 21 жастағы аяқ-қол бұзылысы бар бозбала үміт етіп, келгісі келетінін айтты. Енді сол баламен де жұмыс істегелі отырмыз», – дейді орталық қызметкерлері.


Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
18 наурыз 2025 ж. 270 0

АСЫҚ ОЙНАҒАН ОЗАДЫ

29 наурыз 2025 ж. 52

ҰШҚЫР ДОП ШЕБЕРІ

29 наурыз 2025 ж. 51

Келіннің ақылы

29 наурыз 2025 ж. 60

Жеңімпаз атанды

29 наурыз 2025 ж. 54

Жаңа көпір бой көтереді

29 наурыз 2025 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31