Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Қазалы ауданындағы тұқымбақ жұмысымен танысты

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Қазалы ауданындағы тұқымбақ жұмысымен танысты

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровпен бірге Қазалы ауданына барды.
Сапар барысында Қазалы қаласындағы жақында іске қосылған орман тұқымбағының жұмысымен танысты.
Аталған жоба Мемлекет басшысының орман қорын ұлғайту және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен 440 млн теңгеге жүзеге асырылған.
Аумағы 33,5 гектар тұқымбақта 16 арнайы техника бар. Қара сексеуіл, жапырақты және жеміс дақылдары, үйеңкі секілді ағаш түрлері өсіріліп, қорғаныш жасыл белдеу жасау жұмыстары ұйымдастырылуда. Қазір тұқымбақта 45 адам жұмыспен қамтылған.
Бұдан кейін Қазалы қаласындағы республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығының тұқымбағы таныстырылды.
Жалпы ауданы 32 гектар тұқымбақтың 17 гектары орманмен қамтылған. Ал 15 гектары жайылымдық жер ретінде пайдаланылуда. Мұнда жылына 1-1,5 млн дана көшет өсіріледі. Сондай-ақ, таулы аймақтарға тән айлант, катальпа, туя секілді 10 түрлі ағаш көшеттері жерсіндіріліп, бес түрлі жеміс ағашы да өсірілуде. Арал теңізінің құрғаған табанына отырғызылатын сексеуіл көшеттері де осы жерде дайындалады. Биыл тұқымбақта сексеуіл көшетін егу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта мұнда 41 адам жұмыспен қамтылған.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
27 қыркүйек 2026 ж. 23 0

Аудан әкімінің құттықтауы

27 қыркүйек 2026 ж. 39

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930