Азиада-2026: қазақстандық семсерлесушілер ел қоржынына алтын медаль салды
Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Қазақстан құрамасы командалық сайыстың ақтық сынында Оңтүстік Корея спортшыларымен кездесті.
Ұлттық құрама сапында Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов пен жекелей сын бойынша күміс жүлдегер Кирилл Проходов жарыс жолына шықты.
Жеңімпаз қосымша раундта белгілі болды. Тоғыз раунд Қазақстан құрамасы ұпай саны бойынша артта қалып келе жатқанына қарамастан, спортшыларымыз шешуші раундта қарсыластармен есепті теңестіріп, айқасты келесі кезеңге өткізді.
Кирилл Проходов шешуші сәтте сәтті шабуыл жасап, құрамаға жеңіс сыйлады. Есеп, 43:42.
Айта кетерлігі, спортшыларымыз жартылай финалда Гонконгты 45:34 есебімен жеңген еді.
Еске салайық, Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы жақында командалық сапы жарысында әлем чемпионы атанған болатын.
Сонымен қатар, Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы сабля бағдарламасы бойынша қола жүлде жеңіп алды.














