Қазақстан су добынан Азия ойындарында Гонконгты жеңді
Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында екінші кездесуін өткізді.

Бұл жолы отандық спортшылар Гонконг құрамасымен кездесті. Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан 29:15 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан бұған дейін Жапонияға 11:19 есебімен жол берген еді.
Айта кетейік, Қазақстан келесі ойынын 28 қыркүйекте Таиландқа қарсы өткізеді.










