Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Он жеті құрсақ көтерген ана

Он жеті құрсақ көтерген ана

Қазақ халқы қашанда отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Өмірін бала тәрбиесіне арнап, 17 құрсақ көтеріп, «Батыр ана» атанған қазалылық көпбалалы ана Ранай Әубәкірқызы бүгінде қарашаңырақтың алтын діңгегі болып отырған ақ жаулықты әже.
Ранай Ысқақова 1935 жылы қазіргі Арықбалық ауылдық округінде дүниеге келген. 19 жасында яғни, 1954 жылдың тамыз айында ауылдасы Дәніш Ысқақовпен отау құрып, елу жыл бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ел қатарлы еңбек етті. Жолдасы Дәніш аға 1926 жылы туып, 1941 жылы соғыс басталғанда көппен бірге еңбек армиясына алынған екен. Одан елуінші жылдары елге оралып, Қазалы теміржол стансасында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, зейнеткерлік демалысына шықты. Ұлы Отан соғысы ардагерлері қатарына теңестірілген тыл ардагері Дәніш Ысқақов 2004 жылдың 27 наурызында дүниеден озды. Алтын алқалы «Батыр ана» Ранай әже қоғамдық тамақтандыру мекемесінде жұмыс істей жүріп, он жеті құрсақ көтерген екен. Оның төртеуі бала кездерінде шетінесе, 7 ұл мен 6 қызды ел қатарына косып, олардан немере мен шөбере көріп отыр.
– «Әйел-ана барлық қиындықты жеңетін сарқылмас күш, көзді бұлақ емес пе?» деген екен жазушы Ғабит Мүсірепов. Иә, ана баласы үшін кез келген қиындыққа қарсы тұрады. Бала анаға күш-қуат береді, бақыт сыйлайды. Сондықтан бүгінгі күні мен балаларымның қуанышына масаттанып, жетістігіне мақтанамын. Немере-шөберелеріме «Еңбектің қандай қиыны болса да мойымай, ерінбей еңбек етіп, аталарыңның жолын қуыңдар» деп үнемі айтып отырамын. Қазір мемлекет көпбалалы аналарға жан-жақты қолдау көрсетуде. Сондықтан жас аналарға, қыздарға көпбалалы, батыр ана болуға талпыныңдар деймін. Қазақтың санын көбейту, саналы ұрпақ тәрбиелеу – аналардың міндеті. Сондықтан барша аналарға әйел бақытын, балаларының амандығын тілеймін. Еліміз тыныш, халқымыз аман, болашақ ұрпағымыз бақытты болсын! Менің жасымды берсін. Еліміз аман, жұрт тыныш болсын. Балаларымыз аман жүрсін. Мүдірмесін, бәрінің де ойлағаны орындалсын, – дейді кейуана.
Бұл жанұяның берекесінің де, дәулетінің де үзілмеуі кейуана дарытқан тәрбиеде дейді ұрпақтары. Ранай әжей отырған қара шаңырақтан мейман үзілмейді. «Қонақ келсе, құт келеді» деген ұстаным – келіндеріне де үлгі.
Иә, мына дүрия дүниені әлдилеп тұрған ана жүрегіндегі іңкәрлік пен ізгіліктің үндестігін қалыптастырған риясыз махаббат екені аян. «Жас адам бір қарттың жасына қарап құрмет көрсетсе, оның жасына жеткенде Алла Тағала оған жастарды құрмет еткізеді» деген даналық сөз бар. Қария – біздің құт-берекеміз. Ендеше қазыналы қарттарымыз аман болсын!

Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
08 наурыз 2025 ж. 296 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930