Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Бір рет үшем, екі рет егіз»: Түркістан облысында 24 баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты ана тұрады

«Бір рет үшем, екі рет егіз»: Түркістан облысында 24 баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты ана тұрады

Түркістан облысында 24 баланы дүниеге әкелген Сапаркүл Әбутәліпова есімді алтын құрсақты ана тұрады, деп хабарлайды sn.kz
Ведомство мәліметінше, 76 жастағы көпбалалы ана Сапаргүл Әбутәліпова Түркістан облысы, Жетісай ауданының Қараөзек елдімекенінде жолдасы екеуі кенже ұлының шаңырағында тұрады.
Сапаргүл Әбутәліпова бүгінде жұбайы екеуі 70 немере мен 20 шөбересінің қызығын көріп отыр. Батыр ана бір рет үшемді, екі рет егіздерді дүниеге әкелген. Сапаргүл әже еңбекке жастайынан араласқанын айтады.
"Адамды адам еткен - еңбек" дейді. Жас кезімізден еңбекпен шұғылдандық. Жолдасым Жоламан екеуміз совхоздың малын бақтық. Мал шаруашылығында отағасы аға шопан, мен көмекшісі болып істедім. Жанұялы болып, 24 баланы дүниеге әкелдік. Өкінішке қарай, өмірдің түрлі сынағына тап болып, 12 балам қайтыс болды. Аллаға шүкір деймін, қалғанының барлығын аяқтандырдық, қатарынан кем қылмадық. Немере, шөбере сүйіп отырмыз. Балаларымызды жақсы тәрбиелеуге тырыстық, еңбекті сүйіп өсірдік. Маңдай термен табылған нан қашанда тәтті", - дейді ол.
Сапаргүл Әбутәліпова "Батыр ана" медалін 1979 жылы 17-ші перзентін дүниеге әкелгенде алған. Ал екінші рет "Алтын алқа" медалі тәуелсіздік алған соң берілген. Бүгінде Сапаркүл Әбутәліпованың перзенттері Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысында өз істерінің шебері атанып, кәсіптерін дөңгелетіп, нәсіптерін тауып жүр.
17 шілде 2023 ж. 161 0

Тұғыры таудай тұлға

29 қазан 2024 ж. 80

Краншы Күлпаршын

29 қазан 2024 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031