Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяулы ұстаздар мен ардагерлер құрметке бөленді

Аяулы ұстаздар мен ардагерлер құрметке бөленді


Фото: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында білім саласында жемісті еңбек етіп жүрген ұстаз-аналар мен ардагерлерге, сондай-ақ Алтын алқалы аналарға көрсетті.
Аудандық білім бөлімінің мәжіліс залында өткен шарада аудан әкімі аяулы ұстаз-аналарға ыстық ықыласын жеткізіп, құттықтау сөз сөйледі.
«Мемлекетіміздің дамуы жолында әйел-аналарға жүктелер міндет аса маңызды. Ол – ұлтты ұйыстыра отырып, елжанды ұрпақ тәрбиелеу, қоғамды ізгілендіруге ұйытқы болу. Ал бұл жолда Сіздердей ұлағатты ұстаздардың орны қашанда ерекше. Ұстаз деген мәртебелі кәсіптің деңгейін төмендетпей, жас ұрпаққа білім мен тәрбие бере жүріп, аяулы ана атанған жандарға айтар алғысымыз шексіз. Шуақты мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін» - деді аудан басшысы.
Мерекелік кездесу шарасында №11 Балапан бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі жетекшілігімен өнерпаз қызғалдақтар жетіген аспабында әндерін тарту етті. Бұдан кейін мереке иелеріне аудан басшысының құттықтауы табысталып, қыр гүлі мен сый-сыяпаттар үлестірілді.
Жиын соңында ардагер-ұстаздар сөз сөйлеп, мерекеге орай үлкен құрмет көрсеткен аудан әкіміне ризашылығын жеткізіп, ақжарма тілегін білдірді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
07 наурыз 2025 ж. 456 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 106

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031