Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мақтадан мамық алақан

Мақтадан мамық алақан


«Қайран біздің шешелер! Арды ойлаған, 
шілік шауып, ши орып, бау байлаған. Жігіттерден айырылып, қалмай қараң, Қырман басып, егін сап, арба айдаған…». Ақиық ақын Мұқағалидің осы төрт жол тебіренісі басқа күн туған сәттегі қазақ әйелдерінің қайсар мінезін нақ айшықтап тұр. Тарих қыртысында олардың ел үшін қылған ерлігі, дау доғартқан даналығы, сипаттауға теңеу табылмас сұлулығы том-томдап қатталған. Бүгін Е. Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей төрінде сол ұлылықтық сарқыты — ару-Аналардың құрметіне керемет кеш өтті. 

Ару-ұстаздарды ұлықтауды мақсат еткен мерекелік жиынға аудан әкімі Мейрамбек Шермағамбетов бастаған ауданның зиялы қауымы, аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов, мектеп басшылары мен киелі мамандықты өмірлік мұрат-мақсаты санайтын мұғалімдер қатысты. 8-наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесінде нәзік жандыларға жүрекжарды лебізін білдіру үшін сахнаға алдымен аудан әкімі көтерілді. 


— Құрметті ұстаз-аналар! Қадірлі білім саласының ардагерлері!
Баршаңызды мейірімділік пен ізгіліктің, сұлулық пен жылылықтың мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Бұл күн асыл ананы, сүйікті жарды, қадірлі қарындасты мейірімге бөлейтін ерекше мереке. Бір ғасырдан астам тойланып келе жатқан бұл мейрам шынында баршаның жанына жылу сыйлайды. Өйткені, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, тіпті ортақ Отанымыздың мерейі. 

Бүгінде білім саласындағы қызметкерлердің 75 пайызын әйел ұстаздар құрайды. Әйел жүрген жерде жылу мен жақсылық, имандылық бар. Ең бастысы, Сіздер қай ортада жұмыс жасасаңыздар да, сол жерге әдемілік пен жайлылықты, сенімділік пен жауапкершілікті бірге ала келесіздер.
Қадірлі аналар, құрметті ұстаздар! 
Шуақты мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін, — деді Мейрамбек Зинабдинұлы. 

Бұдан кейін сахнаға ықылас гүлі әкелініп, жемісті еңбек етіп жүрген ондаған ұстаз марапат төріне шықты. Қ. Пірімов атындағы №103 мектептің химия пәні мұғалімі облыс әкімі орынбасарының Алғысын арқаласа, тағы ондаған ұстаз аудан әкімінің Алғыс хатымен, облыстық білім басқармасының Алғыс, Құрмет граматоларымен марапатталды. 

Мерекелік кеш эстрада жұлдыздары мен өнерпаз ұстаздардың концерттік бағдарламасына ұласты. Көңілді кеш №249 мектеп ұжымы мен шәкірттерінің орындауындағы қазалылық ақын Ақжол Түменбайдың сөзіне жазылған «Бозторғай ана» әнімен қорытындыланды. Жүрек тебірентер сәтте ару-аналарға арнайы әзірленген гүл шоқтары таратылды.

@Қазалы ауданының білім бөлімі
08 наурыз 2024 ж. 152 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031