Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбе-Қазалы: Жаңа бағыт ашылуға жақын

Ақтөбе-Қазалы: Жаңа бағыт ашылуға жақын

Ақтөбе мен Қазалы арасында жаңа жолаушылар пойызы бағыты ашылуға жақын. Бұл жайында ресми мәліметтер болмаса да қуанышты жаңалықты Қазалы вагон пайдалану депосының бастығы, мәслихат депутаты Арғын Орымбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.
– Қуанышты жаңалық! Ақтөбе қаласынан Қазалы станциясына дейінгі жаңа N630/629 «Ақтөбе-Қазалы» бағытындағы жолаушылар пойызы ашылуға жақын, 2025 жылдың 2 сәуірінен бастап жүруі жоспарлануда. Бұл пойыз бұрын «Ақтөбе – Шалқар» бағыты бойынша қатынап, енді ұзартылып, Ақтөбеден Қазалыға дейін жолаушыларға қызмет көрсетпек. Алдағы уақытта жолаушылар тарапынан да оң бағасын алып, жүйткіген пойыздар қалтқысыз сапалы қызмет көрсете беруіне тілектеспін, – делінген хабарламада.
Бұл пойыз 10 вагоннан тұрады. Ақтөбе мен Қазалы арасындағы пойызға халықтың сұранысы жоғары. Сондықтан жаңа бағыттың пайда болуы аудан тұрғындары үшін үлкен қуаныш болып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның басшылығына өз алғыстарын білдіруде.
Айта кеткен жөн, Қазақстан – үлкен аумақты алып жатқан мемлекет. Сондықтан теміржол көлігі ел ішіндегі тасымал мен байланыс үшін аса маңызды рөл атқарады. Қазақстанның теміржол желісі кең, әрі елдің әртүрлі аймақтарына байланысты әртүрлі бағыттарда пойыздар қатынайды. Теміржол көлігі тек елдің экономикасына ғана емес, азаматтардың күнделікті өміріне де айтарлықтай әсер етеді. Қазақстанның теміржол көлігі жүйесі әлемдегі ең ұзын жүйелердің бірі. Ел аумағында жалпы ұзындығы 15 000 шақырымнан астам теміржол желісі бар. Бұл елдің барлық аймақтарын қамтиды. Қазақстанның теміржол желісі солтүстік, оңтүстік, шығыс және батыс аймағын байланыс­тырып, экономиканың маңыз­ды салаларына қызмет көрсетеді.
Иә, пойыз бағыттары мен теміржол инфра­құрылымын дамыту, сонымен қатар жаңа технологиялар енгізу арқылы Қазақстанның теміржол көлігі жүйесі алдағы уақытта дамып, әлемдік деңгейге жететініне сенім мол.
Айнұр ӘЛИ

04 наурыз 2025 ж. 260 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 110

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 108

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 106

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 95

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930