Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «НЕВАДА-СЕМЕЙ» АНТИЯДРОЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 36 ЖЫЛ

«НЕВАДА-СЕМЕЙ» АНТИЯДРОЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 36 ЖЫЛ

Биыл 28 ақпан ядролық апатқа қарсы халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 36 жыл толып отыр. Осыған орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында Семей сынақ алаңында әскери борышын өтеген қазалылық ардагерлермен кездесу өтті.
Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Алиев ардагерлерді «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының құрылғанына 36 жыл толу мерейтойымен құттықтады. Сонымен қатар сынақ алаңында әскери борышын өтеген ардагерлерді аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттап, арнайы сыйлықтар табыстады.Марапаттау рәсімінен кейін аудандық мәслихат депутаты Күншығар Әбілов пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Совет Бабанаев сөз сөйлеп, ардагерлерге алдағы уақытта да мемлекет тарапынан түрлі қолдаулпр көрсетіле беретіндігін жеткізді.Кездесуде Семей полигонының ардагерлері өздеріне үнемі моральдық-материалдық қолдау білдіріп жүрген азаматтарға ыстық ықыластарын жеткізіп, алғыс айтуды да ұмытпады.

©Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

02 наурыз 2025 ж. 239 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 105

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 103

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 101

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 91

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930