Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Береке болған жерге бақ ұялайды

Береке болған жерге бақ ұялайды

Жүзі жылы бұл жанды аудан ғана емес, облыс көлеміндегі азаматардың көбі біледі. Сабырлы, ақылды, парасатты жан мамандығының майталманы. Саналы ғұмырын өлкетануға, өңір, тарихы мен бүгінін зерделеп, ісін ілгерілетуге бағыттаған ол рухани құндылық жанашыры атанды. Қазақтың дәстүр-салтын кәбінен артық білетін Ирина Галиулина Алғыс айту күнін орны бөлек мереке, құндылықтарға бағыттайтын бастауға балайды.

Ресейдің Иркутск облысы, Братск ауданы, Тынков селосында дүниеге келген ару орта мектепті бітірген соң, Куйбышев теміржол техникумынан техник-электрик мамандығын меңгеріп шығады.
1978 жылы Қазалы ЭЧ-6 мекемесінің жөндеу-бақылау цехына жұмысшы болып орналасады. Талдырмаш қыз осы жерден өмірлік жолдасын кездестіреді. 1984 жылы Ғани Мұратбаев мемориалдық музейінің қор сақтаушысы болып жұмысқа орналасады. Еңбектен қол үзбей жүріп, жоғары білім алады, әр жылдары білім жетілдіру институттарында тағылымдамадан өтеді. Осы орында үздіксіз 33 жыл қызмет етіп, 2017 жылы зейнетке шығады.
Ирина Анатолийқызының қызмет еткен жылдарда қор сақтау жұмысына тигізген үлесі зор. 2007 жылы Мәскеудегі Ваганьково зиратына арнайы барып, Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қоғамдық істеріне қатысты құнды құжаттармен музей қорын толықтырады.
Облыс мұражайлары арасындағы алғашқылардың бірі болып, жаңа технологиямен жұмыс істеп, сандық қор экспонаттары базасын қалыптасырады. Жәдігерлердің ережеге сай сақталуын қадағалауда әрқашан өзіне талап қоя білетін табандылығын жас буын үлгі етеді. Тақырыптық жоспарлық конференциялар ұйымдастырудағы тәжірибесін де әріптестері үнемі айтып отырады. «Бүгінгіні ертеңге қалдырма» ұстанымын ұран еткен Ирина түрлі мұрағаттық құжаттарды қазақ тіліне аударып, жанашырлық еткені де ұлт мәдениетіне қосқан үлкен үлесі еді. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып келеді.
Жолдасы Рахат интернационалды отбасынан шыққан азамат. Әкесі Шаймардан татар ұлтының өкілі болса, анасы Сара – қазақтың қызы. Екеуі де соғысқа қатысқан, Жеңісті жақындатуға жан аямай атсалысқан қайсар жандар. Бейбіт өмірде де ел тұрмысының тіктелуіне тер төккен майдангерлерді көпшілік құрметпен еске алады.
Осындай үлкен шаңыраққа келін болып түскен Ираға бейтаныс елге сіңуіне айналасындағылар көп көмегін тигізеді.
Рахат Шаймарданұлы жастай өмірден өткен.
Қазір Ира үш перзенттен тараған төрт немересінің қызығына бөленуде. Тұңғыштары Юля Ресейде тұрады. Күйеуі Славик неміс жігіті. Екі баласының үлкені студент, екіншісі оқушы.
Екі ұлы Рустам мен Руслан Байқоңыр қаласында. Отбасылы. Таңдаулары орыс қыздарына түсіпті. Александра мен Оля да қазақтың тілін, әдет-ғұрпын жақсы меңгерген.
«Менің өмірімнің небәрі 17 жылы туған елімде өтсе, қалған 42 жылы қасиетті Қазалыда өрбіпті. Татар, қазақ, қырғыз, орыс демей, дәстүрлер мен ғұрыптарға құрметпен қарайтын, таным-түсініктерге ұдайы түсіністік танытатын берекелі шаңырақта ұрпақ өрбіттік. «Көрші ақысы – Тәңір ақысы» деген бар. Бәрімен татумыз. Бірге наурыз, мұсылмандық ғұрыптарды атқарамыз, орыс халқының ұстанымын да ұмыт қалдырмаймыз. Ешбірі жақынымнан кем болмай, мейірімін аямады. Өзінде барымен, жанашырлығымен бөлісіп, қиындықты бірге еңсеруге көмектесті. Береке болған жерге, бақ ұялайды. Жүрген жолым, көрген өнегем маған осындай ойды ұялатты», – дейді ол.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
01 наурыз 2025 ж. 43 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31