Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСШЫ АРУЛАР ФЕСТИВАЛІНІҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСШЫ АРУЛАР ФЕСТИВАЛІНІҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Әйтеке би кенттік мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер күніне және Мемлекет басшысының ағымдағы жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялауына орай «Гүлдей нәзік, болаттай берік» атты жұмысшы арулар облыстық фестивалінің аудандық кезеңі өтті.
Шара қонақтары алдымен мәдениет үйінің фоесіне қойылған көрмемен танысты. Еңбек адамының мәртебесін арттыру, түрлі саладағы нәзік жандардың кәсіпқойлығын, қоғамдағы жауапкершілігі мен адал еңбегін дәріптеу мақсатында өткізілген фестивалға аудандағы түрлі мекемелерден 8 қыз-келіншектер мен әйел-аналар қатысты.
Шараны аудан әкімі аппаратының басшысы Тілеп Ринат Ібайдуллаұлы сөз сөйлеп ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Фестиваль үш кезең бойынша өтіп, жұмысшы қыз-келіншектердің кәсіби дағдылары мен шығармашылық қабілеттері сыналды.
«Анаға тағзым» орталығы және «Сыр елі облыстық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болған шара соңында барлық қатысушы қыз-келіншектерді «Сыр елі әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Байназарова Райкүл Мансұқызы Алғыс хатпен және сыйлықтармен марапаттады.
Жұмысшы мамандықтардың қыр-сырына үңіліп, ондағы нәзік жандардың үлесі мен жетістігін насихаттауды көздеген шара нәтижесі наурыз айында «Анаға тағзым» орталығында өтетін салтанатты жиында қорытындыланатын болады.
Шараны өткізуге атсалысқан аудандық әйелдер кеңесіне, Қазалы көлік-техникалық және аграрлы-техникалық колледждеріне, Қазалы ауданының білім, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдеріне, Әйтеке би кенттік мәдениет үйіне және Жастар ресурстық орталықтарына ризашылығымызды білдіреміз.
Қазалылық жұмысшы ана-аруларымызға облыстық кезеңге сәттілік тілейміз.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
24 ақпан 2025 ж. 226 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 111

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 109

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 107

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 96

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930