Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда автонесие алатындар көбейген

Қазақстанда автонесие алатындар көбейген

Фото: kaznovosti.kz
Ұлттық банк мәліметінше, былтыр елімізде ипотека мен автонесие алушылар саны артып, тұтынушылық несиеге сұраныс төмендеген, деп жазады Egemen.kz.
Банктер ипотекаға сұраныстың артуын құрылыс компанияларымен арадағы серіктестіктің жалғасуы және жекелеген банк тарапынан жаңа өнімнің шығуымен түсіндіреді. Екінші жағынан, сұранысты тежейтін факторлар ішінде жеке банктер ипотекалық несиелеу портфелін өсірмей, кепілмен қамтамасыз ету құнына қатаң талаптарды ұстанғанын атап өтуге болады. 
Тұтынушылық несиеге сұраныс аздап төмендеген. Банктер бұл үрдісті сыйақы мөлшерлемесінің жоғарылауымен байланыстырып отыр. Сонымен қатар, жекелеген банк тарапынан кепіл мүлкін бағалау көрсеткіші өзгергендіктен кепіл талаптары қатаңдай түскені сезіліп отыр.
Кепілсіз тұтынушылық қарыз алуға өтінімдер саны 20,2 млн-ды құраған, бұл өткен тоқсандағыдан 2%-ға аз.
2024 жылы автокредитке сұраныс арта түскен. Бұл көбіне автосалон-серіктестер тарапынан маркетингтік шешімдер және олар ішінара субсидиялайтын бірқатар науқандық өнімдерді ұсынуы себебінен артқан.
Банктер 2025 жылдың басынан автокредитке сұраныс артады деп болжап отыр. Ал ипотекалық қарыздар мен кепіл арқылы берілетін тұтынушылық қарыздар бойынша сұраныс аздап төмендейді, ал кепілсіз қарыздар бойынша сұраныс өткен жылдың соңындағы деңгейде қалады. 
Ұлттық банктің 2024 жылдың IV тоқсанында кредиттеу бойынша банктер арасында жүргізілген сауалнамасына екінші деңгейлі 19 банк қатысқан. 
24 ақпан 2025 ж. 195 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 110

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 108

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 106

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 95

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930