Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде ипотекаға сұраныс төмендеді

Елімізде ипотекаға сұраныс төмендеді

Отандық банктерге сауалнама жүргізген Ұлттық банк мәліметінде осылай делінген, деп хабарлайды sn.kz
Зерттеу нәтижесінде анықталғандай, бірінші тоқсанда ипотекалық несиеге сұраныс 13%-ға төмендегені байқалған. Бұл 194 мың өтінім азайғанын білдіреді. Алматы мен Астанада сұраныс бірден 20%-ға төмендеген.
Ұлттық банк негізінен ірі банктердегі көрсеткіш төмендегенін хабарлады. Ал нарық қатысушылары мұны «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ай сайынғы лимиттердің тез игерілуімен, маусымға орай сұраныстың азаюымен және несие бойынша мөлшерлеменің төмендеуімен түсіндіреді.
«Ипотекалық қарыздар құнының өсуі кейбір банктердегі бағдарламалар бойынша ипотекалық несиелеудің азаюына әсер етті», – деп атап өтті Ұлттық банктің Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Күбенбаев.
Ипотекаға өтінім берудің орташа сомасы тоқсан ішінде 4%-ға немесе 700 мың теңгеге өсіп, 17,2 млн теңге болған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, орташа чек 1,6 млн теңгеге өскен.
Бірінші тоқсанда банктер барлығы 127,5 мың өтінімді қарады, мақұлдау деңгейі (қаралмаған өтінімдерді есепке алмағанда) 33,5% - дан 38% - ға дейін өсті. Яғни, несиелік өтінімдердің үштен бірінен сәл астамы мақұлданып, қалған 60%-ынан бас тартылды.
23 мамыр 2023 ж. 181 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 115

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 114

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 111

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930