Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерлік пен кеңдік. Қайсар Қасым Қайсенов

Ерлік пен кеңдік. Қайсар Қасым Қайсенов

Біртуар батырымыздың бірі Қасым Қайсенов 1942 жылдың жазында Чапеав атындағы партизан құрамасының үшінші отрядының командирі болды. Ол жау тылында жүріп, Молдавия, Украина, Закарпатье, Чехословакия мен Румыния жерлерінде жауға қарсы күрес жүргізді. Осы жолда небір қиын тапсырмаларды орындап, ерекше ерліктерімен еленді.
Бір күні құрама штабының бастығы Федор Ногацйев Қасым Қайсеновті өзіне шақырып:
– Вася, Мироновка коменданты талай адал совет азаматтарын атып, асқан қандықол қарақшы неміс офицері. Оның көзін жою туралы құрама командирінің бұйрығы шықты. Осы бұйрықты орындау сізге тапсырылды, – дейді де бір қағазды ұстатып: – Мынау бір власовшыл баскесердің документі. Құжат жағынан олар саған күдік тудыра алмайды, – дейді.
Қ.Қайсенов сол күні-ақ Панитов орманы арқылы жүріп отырып, Мироновка ауданына қарасты Юхно хуторына келіп жетеді. Келісімен хутор старостасына жолығып, құжатын көрсетіп, Мироновкаға жеткізіп салуды талап етеді. Староста бір ат дайындап беріп, 14-15 жасар баланы қасына ертіп жібереді. Қалаға түс ауа келіп, комендатураға екі кварталдай жер қалғана қасындағы балаға Қасым:
– Коля, сен осы жерде аялдай тұр. Жарты сағаттың ішінде келемін деп комендатураға жаяу тартады. Коменданттың қабылдау бөлмесіндегі әйелге:
– Комендантқа құпия пакет әкелдім, – дейді. Хатшы:
– Комендант жалғыз отыр, кіріңіз, – деді де, бөлмеге ілесе кіруге орынынан тұра бергенде:
– Неміс тілін жақсы білемін, ерекше тапсырмамен келдім, – деп ішке жалғыз кіріп кетеді.
Күбідей семіз, қасқа бас комендант рұқсатсыз кірген адамға ашулана, бетіне шұқшия қарады. Осы сәтте Қ.Қайсенов дереу қалтасынан дыбыссыз атылатын пистолетін суырып алды да, қарсы тұған адамның маңдайынан атып жібереді. Тапсырманы орындап, сәл демін басып шықса, хатшы әйел бір полицеймен сөйлесіп тұр екен. Әйелге қарап:
– Комендант: «Енді ешкімді қабылдамаймын, әзірше ешкім кірмесін!» деді деп сыртқа сытыла жөнеледі.
Жау жайлаған қалаға келіп, қабинетінде қала комендантын атып кету жүректінің ісі екені анық.
Переяслов қаласында партизандар ­ жауды Украина жеріне өкшелей қуып келген Қызыл Армиямен кездеседі. Бұлар маршал Малиновский басқарған даңқты үшінші Украин майданының жауынгерлері еді. Бұл тұста немістер Днепрдің оң жағалауына мықты бекініс орнатып, оқты қарша боратып, советтіктерді оң жағалауға өткізбей тұрған болатын. Тарихта «Букрин плацдарымы» аталып қалған жер болатын. Жер жағдайын жақсы білесіңдер деп партизандардан көмек сұрайды. Александр Тканко жер жағдайын жақсы білетін партизандардан көмек сұрайды. Осы жан алысып, жан беріскен жерден 120 жауынгерді ерткен Қасым Қайсенов түнде қайықтарменен өтіп, немістердің бірінші бекінісін басып алады. Біртіндеп Қызыл әскерлерді олардың әскери техникаларын өткізеді. Немістерден Григорьевка, Луковец, Зарубенцы селоларын босатады.
Майданда батыр жақын жерден жарылған снарядтан құм астында қалып, ауыр жарақат алады. Одан далалық госпитальға түседі. Бұл кезде «Днепрді бірінші кешіп өткендерге Советтер Одағының батыры атағы беріледі» деген үкім шығарылған болатын. Қасым Қайсеновтің жараланып қалғанын пайдаланған тағы бір партизан отрядының командирі Александр Тканко Клейнді полутарка машинаға мінгізіп алып штаб бастығы Ворошилов орналасқан штабқа кіріп барып:
– Жолдас, Советтер Одағының маршалы Днепр өзенінен мен бастаған отряд өтті. Мына жиында тұрған батыр барлаушы Роберт Клейн, – дейді. Сол жерде Ворошилов екеуіне де Советтер Одағының батыры атағын беріп жібереді.
Украина жерін толық жаудан тазартқаннан кейін Қасым Қайсеновті құрылысы бөлімінің бастығы етіп қояды. Бірде жұмыстан қайтып келе жатқанында Александр Тканко кездесіп қалып:
– Отрядыммен жау тылына тапсырмамен кетіп бара жатырмын, – дейді.
Қасым Қайсенов:
– Онда мені де ала кет, – дейді. Мұны естіген А.Тканко:
– Ойбай, қасымдағылардың онын алғанша, бір өзіңді алғаным маған тиімді. Ертең дайындалып кел, – дейді. Қасым бірден жұмыс орнына келіп:
– Менің жау тылына кетуіме байланысты, орныма бас инженерімді тағайындаймын, – деп бұйрық жазып қалдырады. Келісілген жерге келе жатқанда, партизан досы Алексей Спижевой кездесе кетеді. Оған жау тылына Тканконың отрядымен кетіп бара жатқанын айтады. Сонда Алексей ашуланып:
– Сенің есің дұрыс па? Саған оның не істегені жақсы білесің ғой. Сол қулығын білетіндердің бәрін қудалап, түрмеге тықты. Дизбатқа айдады. Ол сені ол жақтан тірі жібермейді, – дейді. Қасым Қайсенов сонда да сол Тканконың отрядымен жау тылына ұшып кетеді. Айтса айтқандай, Алексей Тканко алар батырлығын алғасын, қауіпті жерлерге аяғын аттап баспайды. Блиндаждан еш шықпай, «қайтып келмейді-ау» деген небір қиын тапсырмаларды орындауға Қасым Қайсеновті жіберіп отырады. Қайсенов барлығынан да аман-есен оралады.
Жетпісінші жылдардың бір күнінде Қасым Қайсеновтың үйіндегі телефоны безектеп қоя береді. Тұтқаны көтерсе, арғы жағынан:
– Вася, амансың ба? Мен Роберт Клейнмін. Алматыға келіп едім, үйіңе баруға бола ма? – дейді.
– Рұқсат сұрап тұрғаның қалай? Сен менің қандыкөйлек досымсың, тез үйге жет! – дейді. Үйіне келген Роберт Қасымды айқара құшақтап алып, жылап қоя береді.
– Алексей Тканко маған қайда баратынымызды айтпай, «машинаға мін» деді. Мені қасына ертіп, маршал Ворошиловқа кіріп барып, өтіріктерді айтып жатқанда, дұрыс еместігін айта алмадым. Кешір, Вася! – деп кеудесіндегі Совет Одағы батыры төсбелгісін шешіп:– Мынау саған тиесілі, – дейді. Сонда Қайсенов:
– Сен батыр барлаушы болдың. Неміс формасын киіп барып, қанша мәліметтер әкелдің. Бұл сенің орденің. Менің орденім Алексей Тканкода шығар, – дейді.
Көп ұзамай Қазақстан делегациясымен бірге Қасым Қайсенов Украинаның мерейтойына барады. Арнайы іс-шаралар өтіп болған соң, басшылардан, аудан орталығында тұратын партизан досы Александр Тканкомен жолықтыруларын сұрайды. Жаңағы аудан орталығына барса, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы үлкен залға: «Батыр партизанымыз Вася Қайсенов келіп жатыр» деп кездесуге халықты жинап қойыпты.
Қасым Қайсеновке сөз берілгенде, А.В.Тканконың паризан отрядын басқарғанын және талай ерліктер жасағанын айта келе, өзінің аудан басшыларына өтініші барын жеткізеді.
– Мына Александр Васильевич Тканко жақында 70 жасқа толады екен. Пенсионер адамның тост жасауға шамасының келмейтініні анық. Сондықтан аудан көлемінде атап өтулеріңізді сұраймын дейді. Аудан басшылары уәде беріп, ол өтінішін орындайды.
Дайындаған
Жұмабек ҚҰЛБАЕВ

22 ақпан 2025 ж. 63 0

Жайың қалай, жұмысшы?

22 ақпан 2025 ж. 58

Арал: Жыл және жетістік

21 ақпан 2025 ж. 153

ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!

21 ақпан 2025 ж. 120

Керек дерек

21 ақпан 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728