Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Инклюзивті білім беру бойынша мониторинг жүргізілді

Инклюзивті білім беру бойынша мониторинг жүргізілді

Фото: Ернұр КАМА
Бүгін «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында білім беру ұйымдарындағы инклюзияны қолдау сыныптары мен ресурстық орталықтарының жұмысына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Оған партия филиалының Атқарушы хатшысы, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Нұрғиса Жалғасбаев және аудандық мәслихат депутаттары, комиссия мүшелері Нұркен Ботабаев, Ерболат Мұхаш, Есет Табынбаев пен тиісті сала өкілдері қатысты.

Зерделеу жұмыстарына сәйкес партия өкілдері алдымен Әйтеке би кентіндегі №234 орта мектебіне барды. Білім беру мекемесінде ерекше білім алуға қажеттілігі бар арнайы сыныптарда 62 оқушы білім алуда. Сонымен қатар, үйден оқитын 26 оқушы болса, арнайы сыныптарда сабақ беретін мұғалімдер, дефектолог, логопед және арнайы психолог мамандар жұмыс жасайды.

Іс-шара барысында аманаттықтар оқу процессін ұйымдастыру, педагогтардың біліктілігі мен инклюзивті білім беру саласындағы жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ оқушылардың қажеттіліктеріне жауап беретін қолдау жүйесінің тиімділігін талқылады.

Мұнан соң мониторинг жұмыстары №276 орта мектебінде жалғасып, мұнда инклюзияны қолдаудың қазіргі жағдайы зерделенді. Аталған мектепте 2020-2022 жылғы Жол картасы аясында «Инклюзивті қолдау» кабинеті ашылып, жұмыс жасап келеді.

Мониторинг барысында штат қажеттілігі бойынша ұсыныстар айтылды. Өз кезегінде партиялықтар білім беруде әрбір баланың тең мүмкіндіктерге ие болу қажеттігіне баса мән беру қажеттігін айтты. Ал ұсыныстар бойынша тиісті жұмыстар жасалатынын атап өтті.

21 ақпан 2025 ж. 426 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30