Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында үйден оқу процесіне мониторинг жүргізілді

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында үйден оқу процесіне мониторинг жүргізілді

Кеше «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында үйден білім алатын ерекеше қажеттілігі бар бірқатар балалардың жағдайына және оқу процесіне мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Монтирингке «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев пен Қазалы аудандық білім бөлімінің әдіскері Надира Аманкелдіқызы қатысты.
«AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы әр баланың ата-анасынан балалардың жағдайын сұрап, кез келген уақытта партия алаңына келіп, ұсыныс-пікірлері мен талап-тілектерін жеткізуге мүкіндіктері бар екенін айтты.
Сондай-ақ, ерекше қажеттілігі бар жандарды қамқорлыққа алып, олар үшін кедергісіз орта құру партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес, іске асырылып жатқан негізгі тармақтардың бірі екенін атап өтті.
Өз кезегінде ата-аналар балалардың білім алуы барысында ешқандай кемішіліктер жоқ екенін және уақытылы денсаулығына байланысты тексеру жұмыстары жасалып отырғанын жеткізді. Айта кетейік, бүгінде аудан бойынша 98 бала үйден оқыту бойынша білім алады.

25 сәуір 2024 ж. 235 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 117

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930