Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Болмысы бөлек тұлға

Болмысы бөлек тұлға


Ғани Мұратбаев мемориалдық музейінде ҚР Білім беру ісінің үздік қызметкері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Қазалы ауданының «Құрметті азаматы» Шарафадин Алтынбайұлының 75 жас мерейтойына орай «Болмысы бөлек тұлға» атты тағылымдық кеш ұйымдастырылды.
Кешке Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық көпшілік бөлімінің меңгерушісі Эльзира Сағитжанова, Қазалы аудандық білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы, ардагер ұстаз, Қазалы ауданының «Құрметті азаматы» Серік Қуанышбаев, «Өнегелі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, ардагер ұстаз Қазыбай Саниязов, Қазалы аудандық орталықтандырылған кітапхананың бөлім меңгерушісі, «Мәдениет саласының үздігі» Зоя Шүйіншәліқызы, Шарафадин Алтынбайұлының туыстары, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты.
Шара барысында құрметті қонақтар жылы лебіздерімен, мерейтой иесі туралы естеліктерімен бөлісіп, сый-сияпаттарын жасады. Мәнді де, мағыналы шарада кеш кейіпкері тәрбиелік мәні зор әңгімелерін айта отырып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Кеш соңында Шарафадин Алтынбайұлының қолтаңбасы қойылған кітаптары музей қорына сыйға берілді.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
18 ақпан 2025 ж. 324 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031