Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ол күндер ұмытылмайды

Ол күндер ұмытылмайды

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні.
Жауқазын жастық шағының жарқын кезеңiн оқ пен оттың ортасында өткiзген жандардың қатарында Ауған соғысы ардагерлері де бар. Арада отыз алты жыл уақыт өтсе де сол жылдар салған жүректегi сызат әлi жазыла қойған жоқ. Зұлмат шақта кеудесiн оққа тосқан кешегi бозбала бүгiнде елге қадiрлi ер азаматқа айналды. Ауған жерiне ауданнан аттанған 67 жауынгердiң 26-сы ортамызда аман-есен жүр. Олардың ерлiкке тән iстерi кейiнгi ұрпаққа үлгi-өнеге.
1979 жылы Кеңес әскерінің қатарындағы 18 бен 20-ның арасындағы өрімдей жастар, 22 мыңға жуық сарбаз интернационалдық борышын өтеу үшін Ауғанстан жеріне аттанып, 942-сіне туған жердің топырағы бұйырмады. Соның ішінде, Сыр өңірінен 827 адам қатысып, оның 18-і Ауған жерінде ажал құшты.
Ауған соғысы деген атпен тарихқа енген майдан даласындағы қасірет қазалылықтарды да айналып өтпеді. Әскери міндет, жауынгерлік жауапкершілік деген ұғымдар сарбаздарды от пен оқтың арасына аттандырды. Талай жас қаза тапты, мыңдағаны мүгедек болып оралды, көптеген адам моральдық тұрғыдан қалпына келе алмады. Қазалылық сарбаздар Сәндібек Инабатов пен Қуаныш Ибрайымов ұрыс даласында шейіт кетті. Уақыт өте келе ардагерлер арасында аурушаңдары көбейді. Мүгедектер саны да жыл санап артып келеді.
Ауған соғысы ардагерлерi мен мүгедектер одағының «Ардагер» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Айдар Әлиевпен әңгімелескенімізде: «Біз Ауғанстан жеріндегі соғысқа арнайы шақырылған жоқпыз. Дегенмен, Отан алдындағы борышты өтеуге Кеңес армиясы қатарына алынған сәтте іштей сезген едік. Мен 1982 жылы Өзбекстанның Термез қаласында №44 077 әскери бөлімінде автокөлік жүргіздім. Осында бізге жауынгерлік әдіс-тәсілдің қыр-сыры үйретіліп, арнайы жаттығу дайындығынан өттік. 1984 жылы Ауғанстан жеріне аттандық. Ол жақта әуе қорғау басқармасы құрамына алындым. Арнайы взводта үш ауыр техника бар еді. Мен пулеметші болдым. 1984 жылдың 19 сәуірінде «Жетінші панджшер операциясына» қатыстық. Бұл дала командирі атанған Ахмад Шах Масуд жасақтарының көзін жою бағытында ұйымдастырылған әскери құпия бүлік. Мұндағыларға елді мекендердегі діни эксритмизмнің көзін жоюға тапсырма берілген. Ауған жеріндегі соғыс үш бағытта өтті. Оның біріншісінде, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік мәселесін шешу, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған әскери құрам күзетте тұрды, рейд жүргізді. Ал екіншілер, оларды қару-жарақ, азық-түлікпен қамтамасыз етумен айналысты. Үшіншісіне 9 мәрте өткен «Жетінші панджшер операциясына» қатысушылар қарады. Мен соңғы бағыттағылардың ішінде жүріп, жауынгерлік міндетімді атқардым», – деп өткен күндерді еске алды.
Оқ пен оттың ортасындағы жылдарда жүректе сақталып қалған ең қиын сәтті үлкен толғаныспен еске алған Айдар Әлдебайұлы:
«Әскер қатарына шақырылғаннан кейін оның өзіндік заңы мен қатал ережесі болады. Онда Коммунистік партияның гүрілдеп тұрған шағы. Отанды қорғап жүріп, сенімсіздікке ұшыраған кезім болды. Маған ең ауыр тигені осы. Мен шетте жүріп, Отан алдындағы борышымды адал атқаруға тырысқан қатардағы солдатпын. Біз басқа елдің бостандығын қорғадық. Алайда жауынгер үшін ең қиыны – басшыңның сені күдікті етіп көрсетуі екен.
Асыра сілтеушіліктің салдарынан штрафбатқа түстім. Бұл жазалаудың ауыр тәсілі. Оны өз командирің белгілейді. Жазалаудың да түр-түрі, тәртіптік реттілігі бар. Мен алдыңғы шепте тұрдым. Бұл – Ұлы Отан соғысы кезінде шалыс қадам басқанда берілетін жаза. Яғни, қауіп-қатерге қарсы тұрып, қыл көпірдің үстімен жүргендей күй кештім. Жаныма аяздай батқан күндерді әлі күнге ұмытпаймын», – дейді.
Кешегі сарбаз, бүгінгі Ауған соғысы ардагерлерінің тілегі бір. Елде тыныштық, жер бетінде жайлылық болса дейді. Олар бірауыздан: «Біздің басты мақсатымыз – жастарды әскер қатарына тарту, патриоттық сезімін оятып, Отан алдындағы азаматтық борышының жоғары екендігін сезіндіру. Аудан орталығынан бөлек, ауылдық округтерде Ауған соғысы ардагерлері жастармен кездесіп, тәлімді тәрбие сағаттарының өтуіне мұрындық болудамыз. Жас жеткіншектің бойында елге, туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайтудың бірден-бір жолы әскер қатарына тарту деп есептейміз. Көп естігеннен, бір көрген артық демей ме?! Әрбір жас жігіт Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп келгені өте орынды», – дейді олар.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
15 ақпан 2025 ж. 179 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728